№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ҒАЛЫМДАРЫ 300-ГЕ ЖУЫҚ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК ЖАРИЯЛАДЫ

ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҚ ҒАЛЫМДАРЫ 300-ГЕ ЖУЫҚ ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕК ЖАРИЯЛАДЫ


Тәуелсіздік жылдарынан бері Сыр өңіріндегі археологиялық ізденістерді жүргізу Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің тұрақты бағыты ретінде қалыптасты. Биыл «Археология және этнология» мамандығының ашылғанына 25 жыл, орталықтың құрылғанына 10 жыл толды.
 Осы орайда, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Қош келдің, археолог!» атты кездесу кеші өтті.
– Археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты – Қызылорда облысы территориясындағы тарихи-мәдени мұраны зерттеу және қорғау, археология және этнография салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу және тарихи құндылықтарды насихаттау. Сондай-ақ, университеттің тарихшы, археолог және этнограф ғалымдары тәжірибе алмасатын, археология ғылымдарының жетістіктері мен даму жолдарын айқындайтын орталығына айналды, – деді «Тарих және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент Айтжан Оразбақов.
Бүгінге дейін ғылыми зерттеу орталығы 3 халықаралық жоба, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 4 гранттық жобасын, 12 облыстық жобаны орындады. Атап айтсақ, «Wenner-Gren» антропологиялық қорының гранты шеңберінде 2011 жылы Жанкент қала жұртында археологиялық қазба жұмыстары жасалды. 2018-2020 жылдар аралығында Ұлы Жібек жолының солтүстік аймағындағы көшпенділер мемлекетінің қалыптасуы және урбанизациялануы, Ерте орта ғасырдағы Жанкент қаласы туралы халықаралық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Хорезм экспедициясының Сыр өңіріндегі зерттеулерінің тарихы кітап-альбом түрінде жарыққа шықты.
Орталық облыс көлемінде орналасқан жүздеген ескерткіштің паспортын, тарихи-мәдени сараптамаларын жасау мен қорғау аймағын анықтау жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Қазіргі таңда 10-нан аса монография, 300-ге жуық ғылыми еңбектер жариялады.
Археологиялық заттарды сипаттап, өңдеп қалпына келтіретін зертханасы және жәдігерлерді қоятын көрме залы бар.
– Орталықтың құрылған күнінен бастап ғылыми жетекшілік жасаған белгілі археологтар Ж.Құрманқұлов пен И.А.Аржанцеваның еңбектері зор. Сонымен қатар, халықаралық жобаларды орындауда Тюбинген университетінің профессоры Г.Харкенің орны ерекше,-деді А.Оразбақов.
Қазақ тарихының тереңдігі мен көп қырлылығының куәсі болып табылатын археологиялық ескерткіштерге деген қамқорлық пен жауаптылық, жан-жақты табанды зерттеулер Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің құнды қызметінің бірі болып қала бермек.
16 қазан 2021 ж. 377 0