№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Киелі жерлерге саяхат

Киелі жерлерге саяхат


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен жалпы ұлттық сипатқа ие рухани жәдігерлерді топтастыратын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Саяхат ортағасырлық тарихи орындардың санатына жататын Сортөбе қалашығынан басталды. Бүгінгі күні көне қалада археолог Әзілхан Тәжекеевтің жетекшілігімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бір сағаттан аса уақыт оқушылар қалашық маңынан кеткілері келмей, құмның арасынан еңкейіп тарихи құнды жәдігер іздегендей жүре берді. Ескі қалашық Қорқыт ата кесенесіне дейін тура 10 шақырымдай жерде болғандықтан келесі нысан Қорқыт ата кесенесі болды.
Сыр бойында орналасқан кесененің құрылысы 1980 жылдары басталды. Бүгінгі күні түркі әлеміне ортақ тұлғаның қазақ  топырағында орналасқан кесенесіне жаһан жұрты қызығушылық танытып отыр. Желге үн қосатын қобыздың даусына тәнті болған жастар ерекше сезімге бөленіп әрбір айтылған ақпаратты ұйып тындады.
Саяхатымызды Жетіасар мәдениетіне жататын Жалпақасар ескеркішімен аяқтадық. Жалпы Жетіасар мәдениетіне барлығы 50-ге жуық қалалар мен жүздеген обалар бар ірі зираттар, суландыру жүйелерінің орындары белгілі болды.
Саяхат барысында қатысушыларға экскурсиямыз жайлы ақпараты бар буклеттер мен сертификаттар таратылды.
21 маусым 2018 ж. 1 518 0