Ғылым академигіне 110 жыл
1909 жылдың 9 желтоқсанында тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ақай Нүсіпбеков дүниеге келді.

Төңкеріске дейінгі және кеңестік Қазақстан тарихына байланысты 200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Бес томдық «Қазақ КСР тарихының» негізгі авторларының бірі. Қазақстан Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ленин, 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, бір көшеге есімі берілген.