№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қарттарым – қазынам

Қарттарым – қазынам


Қариялық – даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі десек, бұл ойды біздің бабаларымыз «Қарты бар үйдің құты бар» деп бір ауыз сөзбен білдірді. Ақсақалын ардақтап, қариясын құрметтейтін дәстүр жалғасын тауып, ұлттық ұстынның бір бөлшегіне айналды. Мұны аудан әкімі Руслан Рүстемовтің қариялардың шаңырағына арнайы бас сұғып, сый-сияпат жасап, жылы сөзбен мерейін асырғанда куә болдық.


Аудан басшысы Руслан Рүстемұлы:
– Қос ғасырдың куәсі болған ардагерлеріміз ХХ ғасырдың алапат оқиғаларына куә болды, жанжүрегімен ауыртпалықты сезінді. Яғни аштықтан аман өтіп, қуғын-сүргінге куә болып, соғыс отын көрді. Одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік тұрақтылық орнай қоймады. Соғыстан кейін қайта қалпына келтіру, тың игеру және т.б науқандар бірінен кейін бірі жүріп жатты. Міне, осы кезеңдердің тірі қуәгерлері арамызда жүр. Тыныштық пен татулықтын құнын жақсы түсінетін ата-әжелерімізге ықылас-ниет танытып, жылы сөз сөйлеу міндетіміз, – деп бұл жолғы сапардың маңызын түсіндірді.
Әкім Төменарық ауылдық округінің тұрғыны, ұлағатты ұстаз, орыс ұлтының өкілі, 80 жастағы Антонина Щербининаның шаңырағына барды.
Антонина әжейдің өмір тарихы өте қызықты. Төменарық ауылында дүниеге келіп, сондағы А.Романов атындағы №53 мектебінде білім алды. Студенттік өмірі Н.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтында өтіп, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша дипломын алады.
Еңбек жолын өзі білім алған мектепте бастайды. Тәлімгерлерінің санасына білім нәрін құйып, әріптестері арасында сыйлы, оқушыларының алдында ардақты болады.
Туған жердің топырағын құт санайтын Антонина әже: «Ұл-қыздарым өзге қалаларда тұрады. Олар «көш» дейді. Төменарықтан көшкім келмейді. Осында балалық шағым өтті. Осында ежиып, ақыл тоқтатып, ұстаздық жолға түстім», – деді.
«Жастар армандайды, қарттар есіне алады» деген рас ғой! Қарт ұстаз отбасылық фото-альбомын ашып, есті естіліктерімен бөлісті.
Аудан басшысы ат басын бұрып, жағдайын сұрауға арнайы келгеніне балаша қуанып: «80 жыл өмірінің әрбір күн бақыт пен қуаныштан тұрады. Бүгінгі күнім ерекше бақытты кү саналады. Еңбетеріңіз жанып, табысқа жете беріңіздер» деп тілегін арнады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов Төменарық ауылының еңбек ардагері Сейман Алиев, Келінтөбе ауылдық округінің тұрғыны, II топ мүгедегі Мархаббат Уасова және Жаңақорған кентінің тұрғыны Лилия Кащеева мен Айшагүл Жолдыбаеваның шаңырағына арнайы барып, сәлем беріп, Халықаралық қарттар күнімен құттықтады.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
07 қазан 2021 ж. 354 0