№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМ ЖҮЗ ЖАСАҒАН АНАНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

ӘКІМ ЖҮЗ ЖАСАҒАН АНАНЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ


Түстен кейін Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов Машбек Нәлібаев ауылдық округінде ғасыр жасаған Ұлғай Жандарбекованың шаңырағына барды.


– Армысыз, азиз ана! Осында жүз жасаған ана бар деп естім келдім, – деді әкім.
Қос ғасырдың куәсі болған ақсамайлы әже аштықтан аман өтіп, қуғын-сүргінге куә болып, алапат соғыста ерен еңбектің үлгісін көрсете білді. Тыныштық пен татулықтын құнын жақсы біледі. Сондықтан елдің амандық-саулығын тілеп, ұрпағының бейбіт заманда ғұмыр кешуін тілеп болып отырады.
– Айналайын, көпжасағыр, өс, өн! – деп көз жасына ерік берді азиз ана.
Бірер минуттық тыныштықтан кейін:
– Осында келген бірінші әкім өзінсің. Елдің басшысына арнайы келгенде қалай қуанбайын. Қуаныштымын!
Шүкір, ұрпағым жетіліп келеді. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! – деп қуанышын жасырмады.
Ауданның бірінші басшысы арнайы келгеніне балаша қуанған азиз ана батасын аяп қалмай: "Балам-ау, ісінің оңы болсын! Сапарың сәтті болсын! – деді.
Ол тағдыр тауқіметін аз тартқан жоқ. Тәжікстанның Аштский ауданы, Қамшықорған ауданында туды. 13 жасында Сарыағаш асып, мақта шаруашылығында еңбек етті. 1967 жылы Өзгент өңіріне табан тіреп, Машбек ауылынан тұрақ табады. Бүгінде бір ұл, бір қызынан 11 немере, 30 шөбере сүйіп отыр.

Р.S.: ХХ ғасырдың аласапыранынан аман қалып, аңсаған Тәуелсіздіктің ақ таңын көрген азиз аналардың тілеуі бір. Ол – елдің бүтіндігі, жұрттың амандығы, ұрпағының саулығы. Ана жүректің дұға-тілектері бізді желеп-жебеп жүргені де анық. Ғасыр жасаған ғұмыр ғибратынан осыны ұқтық.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
Суретті түсірген Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
01 қазан 2020 ж. 793 0