ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰРАҚ ҚАНТ ИМПОРТЫ ЕКІ ЕСЕГЕ АРТҚАН
2018 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан 37,8 млн долларға 90,9 мың тонна құрақ қант импорттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Шынайы түрде тауар импорты 2,1 есе артты. Ал, қаржылай алатын болсақ онда 58,2%-ға өсті.
Аталған тауардың Қазақстанға ірі жеткізушісі Бразилия. Бұл мемлекет 32,3 мың тонна құрақ қантын 12,8 млн долларға жеткізген.
Бұдан басқа, Куба Қазақстанға 30 мың тонна өнімді 12 млн долларға сатты.
Ресейден 7 млн долларға 14,9 мың тонна, Беларусьтан 3,6 млн долларға 9,6 мың тонна құрақ қант әкелінді.
Пікір 2