Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Әлемде энергетикалық дағдарыс қауіпке айналды

Әлемде энергетикалық дағдарыс қауіпке айналды


Электр энергиясының қымбаттауы әлемдегі ең басты дағдарыстың біріне айналды. Жанармай бағасының құбылуы да талай елді, тұтас аймақтарды тығырыққа тіремек. Bloomberg сарапшылары, қазірден осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар әлем таза энергияға көшер алдында энергетикалық дағдарыспен алғаш рет бетпе-бет келіп отыр және бұл соңғысы емес деп болжайды.

Еуроодақтың 5 елі газ бағасының рекордты деңгейде көтерілуінің себебін тергеуге кірісті. Бұл туралы Франция, Испания, Чехия, Румыния және Грекияның экономика және қаржы министрлері бірлескен мәлімдеме жасады. Олар сондай-ақ көгілдір отын қоры бойынша ортақ ереже жасауды ұсынды. Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті: – Стратегиялық мақсат болғандықтан, газ қорын Еуропалық кеңесте талқылауымыз қажет деп ойлаймын. Біз көгілдір отынға қатты тәуелдіміз. Оның 90 проценті сырттан тасымалданады. Мұнайдың 97 процентін де импорттаймыз. Сондықтан жеткізушілерге өте жоғары деңгейде кіріптармыз. Алдағы орта және ұзақ мерзімді жоспарда Еуропалық жасыл энергия келісімшартына сенім артқанымыз абзал болады. Бұл бағытта біз тәуелсіз боламыз, баға да тұрақты сақталады.
06 қазан 2021 ж. 592 0