№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » БОЗЫМБАЕВ БЕНЗИН ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН АЙТТЫ

БОЗЫМБАЕВ БЕНЗИН ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН ЕКЕНІН АЙТТЫ


ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының көтерілу мүмкіндігіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«ЖЖМ бағасының құрылуына екі негізгі фактор әсер етеді. Біріншісі – Ресей Федерациясындағы бензиннің бөлшек және көтерме бағасының өсуі. Екіншісі – біз Қазақстанның ішінде тұтыну қажеттілігінен 1,5 есе жоғары қор жинақтадық. Яғни біздің зауыттар мен трейдтерге бензинді сату керек. Сондықтан осы салада ұдайы тепе-теңдік болады. Біздің мұнай өңдейтін зауыттар бензинді сатуы керек, ал екі зауытымыз жаңғыртудан өткеннен кейін жанармай қоры жиналып қалуда», - деді Қанат Бозымбаев Мәжілістің пленарлы отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.
Оның айтуынша, МӨЗ-ді жаңғырту 92 және 95 жоғарыоктанды бензинді жеткілікті көлемде өндіруге мүмкіндік береді.
«Алғашқы төрт және бес айдың қорытындысы бойынша, ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ға жуық көлемі қазақстандық өндіріс бензинімен, ал қалған 10% ресейлік өндіріс есебінен жабылады. Сондықтанда ел ішіндегі бензин бағасының қалыптасуына осы екі фактор әсер ететін болады. Әзірге Ресейде бағаның көтерілуі соншалықты емес, ол біздің ішкі нарыққа әсер етіп жатқан жоқ. Керісінше қазақстандық ұсыныстың көп болуы әсер етуде. Өздеріңіз білесіздер, ҚМГ бағаны төмендеткен болатын, ол нарықтағы ірі ойыншы және қалғандары оған қарайды. Егер олар бағаны көтерсе бұл сұраныс болады дегенді білдірмейді, сондықтан осы екі фактор арасында тепе-теңдік болады», - деп толықтырды Қанат Бозымбаев.
30 мамыр 2018 ж. 963 0