№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қариялық пен қарттықтың құпиясы

Қариялық пен қарттықтың құпиясы


құрметтеу арқылы үлгілі буынның бүгінін қалыптастыруды мұрат тұтқан мәдениет ошағы басшылығы ата-бабамыздың осынау бір үрдісін мейлінше үкілеп, ұрпақтар сабақтастығына сына түсірмеу бағытына бағдар түзегені сүйсінтті.
Сәрсенбінің сәтінде орталық кітап­ханада аудандық деңгейде өткен «Қариялық пен қарттықтың құпиясы» деп аталатын 1 қазан – Қарттар күнімен орайластырыла өткізілген мерейлі шара осы мақсатты тағы да айқындай түсті. Аудан көлеміндегі кітапхана қызметкерлерінің басын қосқан маз­мұнды жиынның қонағы ретінде осы кітапханада қырық жыл бойы тер төгіп, зейнет жасына жеткен Тайымбетова Жәмиланы құрметті демалысқа сал­танатты түрде шығарып салу рәсімі ән-жыр әуелеген әдемі көңіл-күймен көмкеріліп, көптің де, өнеге иесінің де өміріндегі ұмытылмас бір күн ретінде өрнектеліп қалды.
Қарияның құрметі биікте, орны – төр. Осы тұғырына жайғасқан мерейтой иесі ағынан ақтарылып, өткеннің қызығы мен шыжығын көңілден бір өткізіп, әріптестеріне тағылым боларлық естеліктерімен бөлісті.
Кітапхана қызметіне жүрек қалау­ымен келіпті. Аудандық кітапхананың балалар бөлімінде Мырзатаева Тұр­сынай апайымыздың қарамағында еңбек жолын бастапты. Қасиетті қызметті меңгеру, бір жағынан  өмірлік бағдарын жалғап, болашақ босағасында бақытын таңдап, өнегелі келін атану міндетін орайластыра білген ақылды жас тағдырдың сынынан да, сыйынан да сабақ алыпты, тауқыметке көніп, жақсы күндерге сеніп, өз өміріне өзі щуақ дарытуға ұмтылыпты. Құдай қосқан қосағымен тату-тәтті тіршілік кешіп, парасатты перзенттер өсіріп-тәрбиелеуге бар күш-жігерін арнапты.  Жастық күндерінің куәсі, осы кешке арнайы шақырылған Тұрсынай апай осы күн шәкіртімен қатар отырып, мерейтойдың қадірлі қонағы болды. Сол күндерден естеліктерін ақтарды. Ол  кездері  ауылдағы жалғыз мәдениет ошағы болып саналатын кітапханада тәртіп қатал, жауапкершілік жоғары, жастардың осы  дағдыны бұлжытпай жалғастыруына аға буынның тал бой­ындағы тазалық, өз ісін адал әрі беріле атқарған бейнеткештігі, қоғам алдындағы перзенттік болмысын терең сезіне білген қалтқысыз қағидалары негіз қаласа керек.
Кеште мерейтой иесіне аудандық мәдениет бөлімі басшылығының Құт­тықтау хатын табыс етіп, жүрекжарды тілектерімен бөліскен сала өкілі Жадыра Шертекованың лебізі бар өмірі бала әлеміне үңіліп, соның кілтін тауып, көңіліне сәуле ұялата алсам деген ұлы тілекпен ұштасқан, кәсібіне шын берілген ұлағатиесінің еңбек жолында өзі куә болған естеліктерге ұласты.
«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» Абай атамыз ұлағат еткендей, кітапханашы Жәмила бүлдіршін оқыр­мандарын жанына баурап, жіпсіз байлап қоятын қасиетімен дара екендігін мойындауға тура келеді. Соның бір дәлеліндей, осы кітапхананың оқырманы, кешегі өткен «Оқырман бенефисінде» үздік атанған №163 мектептің  5 сынып оқушысы Мұхтарқызы Нұршуақ апайына балапан жүректен төгілген аппақ тілегін арнады. Есіктен жатырқай  енген балаусаныертегілер әлеміндей жасақтап қойған білім сарайына қондырып, әдебиеттің қай жанрына көңіл құштарын әлпет-құлқынан ақ танып, қолына ұстататын сезімтал жан талай көкөрімді  қасиетті шаңырақтың тұрақты көгершініне айналдырыпты. Апайын құшақтап, зейнетке кетеді дегенге қимай, қамығып тұрған мына жауқазынның жастыжанары бізге соны ұқтырды.
Кеш барысында мерейтой иесіне өз»мен бірге қызмет жасайтын әріп­тестері де ізгі тілектерін жеткізіп, қадия-құрметтерін көрсетті. Мекеменің кәсіподақ комитеті атынан Сурая Аманова Арнау хатын оқып беріп, атаулы сый-сияпатымен марапаттады. Жәмиланың өз ұлы нұрхан анасына деген ақ тілегін ақтарды. Мерекеге арнайы ән шашуымен келген Дәрібаев Мұхтар Қазтуғанның термесін орындап берді.
Шараның қорытындысында кітапха­на директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Әсем Тілеубергенова сөз алып, ұжымда үлгілі, халыққа қызметте көптің қадірлісіне айналған еңбек ардагерлері – Тұрсынай Мырзатаева мен Жәмила Тайымбетоваға зор ризашылығын жет­кізіп, дирекцияның және кітіапхана ұжымының атынан қаржылай сыйлығын тапсырды. Кеш соңында естелік суретке түсіп, әдемі тілектерге жалғасты.
Баян Үсейінова
03 қазан 2021 ж. 424 0