Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 280

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Татулықтың тілекшісі

Татулықтың тілекшісі


Елдің өсіп-өркендеуіне, өз үлесін қосқан ардақты қарттарымыз арамызда жүр. Солардың бірі – Өзгент ауылының тұрғыны Көбей (Құдайберген) Базарбаев атамыз.

Көбей Базарбаев 1951 жылы қыркүйек айында Ақүйік ауылдық кеңесі Кейден ауылында жылқышы отбасында дүниеге келді.  Жас Көбейдің балалық шағы  «Өзгент» көлінің жанында өтті.
№55 мектебінде бастауыш білім алды. Мектеп қабырғасынан шыққан жас түлек Қызылорда политехникумына оқуға қабылданып, оны 1973 жылы бітірді. Жамбыл гидро-құрылыс институтында білімін шыңдады. Оқуын бітіре сала, жас маман Жаңақорған суландыру жүйесіне инженер-гидротехник болып жұмысқа қабылданды. Ол жерде 1982 жылдың наурызына дейін жұмыс істеп, 1982 жылы жолдама бойынша Өзгент совхозына бас инженер-гидротехник болып жұмыс істеді. Сол жерде совхоз тарағанша аянбай тер төгіп, соңғы бір жылда ферма меңгерушісі болып қызмет етті. Елге сіңіріп жатқан еңбегі ескеріліп, 3-4 рет «Облыстың үздік гидротехнигі» атағын алды. Совхозда насихат жұмыстарымен айналысып, 1987 жылы «Білім қоғамының республикалық VII сьезіне» делегат болып қатысты.
– Ата, осы жасқа дейін өмірден не түйдіңіз?          
– Татулықтың тілекшісі, елдіктің қамқоршысы болып, үлкендік жолмен жүру маңызды. Яғни үлкенге іні, кішіге аға болып сыйластықтың арқауы болып жүргенге не жетеді?!
– Қазіргі уақытта қарттық ша­ғыңыз қалай өтуде, несімен қызық?
– Демалысқа шықсақ қолымыз босайды деп ойлаушы едік, жасың 70-ке келсе жұмысың да 70 болады екен. Ағайынның той-томалағы, өлім-жітімі болады екен және түрлі тұрмыстық тірлікке бас-көз боламыз.
– Жастарға қандай өсиет айта­сыз?
– Қазір заман басқа, жаһандану талаптарына сай жан-жақты болмасақ көштен қалып қоямыз. Cондықтан балаларымыз білімге ұмтылудан тынбау керек. Білімді болсаң қор болмайсың.
Қазіргі уақытта 70-ке толған атамыз 50 жыл отасқан  жұбайы Қарлығаш Құрыбаева апамызбен бірге 3 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, солардан тараған 23 немеренің қызығын көріп отыр.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ – ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Рауза ӘЗІЛХАН
02 қазан 2021 ж. 823 0