№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұлағатты ұстаз


(Қазақ КСР оқу ісінің үздігі, ақын Хадиша Баязитованың өнегелі еңбек жолына арналады)
«Елеулі елдің әзиз анасы еді»,
Шынында елдің берген бағасы еді.
Ұстаздық ұлы жолмен
жүріп өткен,
Мерейі үстем, даңқы асқан
дарасы еді.

Анамыз әр қадамын анық басқан,
Халық үшін тер төкті қамықпастан.
Жас ұрпаққа білімнің нәрін сыйлап,
Ұстаздық ете білді жалықпастан.

Іс жасап Қарт Қаратау бөктерінде,
Есімі қалды тарих беттерінде.
Он жылдай ұстаз болып терін төкті,
Мұхамеджан Қаратаев мектебінде.

Артында өшпес өнеге, жолы қалды,
Мұны жұрт жақсылыққа
жорыған-ды...
Жиырма үш жыл абырой биігінде
Мектепте басшылықты қолына алды.

Үмітпен қарап әркез ақ таңына,
Гүл екті қанша, білім бақтарына,
Артында ұлағатты із қалдырып,
Ақыры айналды елдің мақтанына.

Мақтаулысын қашанда сүйеді елі,
Анамыз қолға алған іс жүйеленді.
Ағарту-оқу ісіне үлес қосып,
Қаншама марапатты иеленді.

Еселі еңбек етті, жалындады,
Ес білгелі ешкімге жағынбады.
Ұстаздық ұлы еңбегі бағаланып,
Елбасы екі мәрте қабылдады.

Анамыз өнерге де жақын еді,
Жасынан оның дәмін татып еді.
Жақұттай жинақтары жарық көрген,
Халқының қадірлеген ақыны еді.

Имандылық есігін сығалады,
Анамыз биігінен құламады.
Ұрпаққа рухани азық болды,
Қаламынан төгілген мұралары.

Осылай қарттық келіп жағаласты,
Жастық жалын-жігерін ала қашты.
Сонда да ұрпақ үшін қарап жатпай,
Қоғамдық іске белсене араласты.

Анамыз жайлы аңыз көп тарады,
Бұл да болса уақыттың бек талабы.
Жақсының жүріп өткен еңбек жолы,
Жас ұрпаққа өнеге боп қалады.

Әбілқайыр Әбілпатта,
айтыс ақыны,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,
Жаңақорған ауданының
Құрметті азаматы
30 қыркүйек 2021 ж. 474 0