СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
Бүгін «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Отырысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Оразгелдиев Сермұхаммед Серікбайұлы төрағалық етіп, жүргізді. Отырысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері және аудандық маслихат депутаттары қатысты. Отырыста "Nur Otan" партиясы Жаңақорған ааудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мажит Балкожаев, аудандық маслихат депутаттары Оразгелдиев Сермұхамед, Амалбеков Жасұлан, Жұмәділов Мақсат қатысты. Сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесі әлем халқының күн тәртібінен түскен емес.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында екі мәселе қаралды, 1. «ӨНЕР» бастауыш партия ұйымының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы» «ӨНЕР» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қошқарбаев Қалдыбай Шілтенұлының есебін тыңдау.
2. «ЖАЛЫН» бастауыш партия ұйымының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы» «ЖАЛЫН» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мампаев Алмат Құрбанайұлының есебін тыңдау.
Отырыс барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері өз ұсыныстарын жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселеге байланысты қаулы қабылданды.