№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан өнімдері Тасбөгет төрінде

Аудан өнімдері Тасбөгет төрінде


Сыр елінде әр апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. 
Өткен сенбіде қызылордалықтарға Сырдария мен Жаңақорған аудандарының ауылшаруашылығы өнімдері ұсынылды. Тасбөгет кентінде «Елі дархан, жері құт, киелі мекен Жаңақорған» атты Жаңақорған ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Шаруалар ала жаздай еңбек өтіп баптаған өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада пұлдап, көптің ықыласына бөленді.
Күз бастала жәрмеңке ұйымдастыру жаңақорғандық диқандарға дәстүрге айналды. Жылда облыс орталығына жаз бойы төккен тердің өтемі болған өнімдерін арқалай келеді. Базар бағасынан 15-20 пайызға төмен сатылатын азық-түлік тауарларына сұраныс та жоғары. Әсіресе, Жаңақорғанның қарбызы мен қауыны, асқабағы мен етін саудалайтындар көп. Оны сенбі күні Тасбөгет төрінде қойылған жәрмеңкеден көрдік.  Бұл жолы шаруалар 60 көлікке 180 тоннаның өнімін тиеп алып келді. Тиелген азық-түліктің ішінде ет, сүт өнімдері, көкөніс, бақша дақылдары, жеміс-жидектер бар. Көпшілік алдымен Жайылманың қауын-қарбызын сұрап, пұлдауға асықты.
Облыс әкімдігінің «Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасы бойынша Жаңақорған ауданы осымен төртінші рет облыс орталығында жәрмеңке өткізуде. Ал, жыл басынан бері 15 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұған дейін Сыр елінің Нұр-Cұлтан қаласындағы жәр­меңкесі ұйымдастырылып, 400 тонна өнім саудаланған болатын.
Айта кетейік, 4 желтоқсанға дейін облыс орталығының тұрғындары үшін апта сайын аудандардың ауыл шаруа­шылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
– Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша биыл егістік көлемі жылдағыдан жақсы өнім беріп отыр. Жәрмеңкеге 14 ауылдық округтен 50 автокөлікке тиелген 180 тонна өнім әкелінді. Жәрмеңке өнімдері базар бағасынан 10-15 процент төмендетілген бағамен ұсынылды. Қазіргі таңда өңіріміздің брендіне баланған күріш дақылының 70 процентін жинап болдық. 1 қазанға дейін толық орып бітіреміз деген жоспарымыз бар. Күз – жазира даланың дархан дастарханы. Мәуелі мезгілдің мерекесі тарқамасын, – деді аудан әкімі Руслан Рүстемов.
Қысқаша жәрмеңкеге қойылған өнім бағаларды шолып өтсек. Жылқы еті 2000 теңге болса, сиыр еті 1750, қой еті 1900 теңге, тауық еті 850 теңге, жұмыртқа 25 теңгеден нарыққа келген. Ал, жуа-85 теңге, картоп-150 теңгеден ұсынылды. Сондай-ақ тоқтылар 25000 мыңнан сатылғанына қалалықтар дән разы.
– Биыл судың тапшылығына байла­нысты әртараптандыру бағытына ба­сымдық беріп, бақшалық, көкөніс, картоп өнімдерін көбейттік. Сондай-ақ, биыл тағы бір тәсіл, керіз суларын, яғни жер асты суларын пайдаландық. Тәжірибе жемісін берді, өнім көңілден шықты. Бұйырса келер жылы да осы бағытқа басымдық көбірек беретін боламыз, – деді ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Таңнан бастап шаруалармен бірге қызметте жүрген арбакештер жастар да табыссыз қалмады. Өйткені, қала халқы қыстың қамына ерте кірісті ме, тауарларды тонналап болмаса да, қап-қаптап көлікке тией бастады. Шыны керек, биыл базар өнімнің бағасы шарықтау шегіне жетті. Картоп пен сәбіздің бағасы рекордтық көрсеткіш көрсетті.
– Жаңақорған ауданы ұйымдастырған жәрмеңкеге келуге тырысамын. Бүгін де ерте келдім. Бағалар қалтаға қонымды, әсіресе күнделікті тұтынатын тауар құны көңілден шығады. Ет, сүт өнімдері ерекше сүйсіндірді. Тойшылық тойы тарқамасын, ең бастысы, ай сайын келіп тұруға жазсын, – деп қала тұрғыны Әйгерім Есімсейіт жылы лебізін білдірді.
Тұтынушы да риза, саудагерлердің де көңілі тоқ. Ең бастысы, дала еңбеккерлерінің ерте көктемнен қоңыр күзге дейін төккен тер, жерге еткен еңбегі жерде қалмады. Енді қамбаға жинаған астықты нарыққа шығарып, нәпақаны айырып, қысқы қамды егінші қауым да жасауға кіріседі.
Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
28 қыркүйек 2021 ж. 441 0