№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Облыс әкімі жергілікті өнімдер жәрмеңкесінде тұрғындармен тілдесті

Облыс әкімі жергілікті өнімдер жәрмеңкесінде тұрғындармен тілдесті



Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жергілікті өнімдер саудаланатын жәрмеңкеге барып, тұрғындармен тілдесті. Алдымен аймақ басшысы Астана даңғылының бойындағы Шиелі ауданы шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылған жәрмеңкеге келіп, халықпен бірге азық-түлік өнімдерін сатып алды.
Жәрмеңкеде қарбыз-қауын, балық, құрт, ірімшік, күріш, көкөніс пен жеміс-жидектерге сұраныс жоғары болды.
Мұнда барлығы 47 көлікке тиелген 215 тонна өнім әкелінді. 25-тен астам өнім түрлері саудаланып, нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылды.
Облыс әкімі «Мәңгілік алау» алаңында ұйымдастырылған Қызылорда қаласы шаруа қожалықтарының жәрмеңкесіне де қатысты. Табиғи тағам -қолдың өнімдерін сатып алып, сауда жасады. Жергілікті өнімдер қатарын көбейткен қауыннан жасалған чипсы, бұқтырылған ет, бал өнімдерін көріп, кәсіпкерлермен пікірлесті. Жәрмеңке алаңына келген халықпен тілдесті.
Тұрғындар үшін жәрмеңкеде 50 тоннадан астам ақталған күріш, 80 тоннадан астам картоп, 30 тонна басты пияз, 25 тонна сәбіз, 30 тоннадан астам көкөніс, 80 тоннадай бақша өнімдері, 10 тоннаға ет пен шұжық,
5 тоннадан астам балық өнімдері, 3 тоннаға жуық нан және макарон өнімдері,
1 тоннадан астам сүт өнімі және 15 тонна кондитер өнімдері әкелінді.
Айта кетейік, жыл басынан бері 15 рет ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Өткен аптада Сыр елінің Нұр-Cұлтан қаласындағы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 400 тонна өнім саудаланды.
Енді бүгіннен бастап 4 желтоқсанға дейін облыс орталығының тұрғындарына апта сайын аудандардың ауылшаруашылығы тауар өндірушілердің өнімдері жәрмеңкелері өткізілетін болады.

Жазба Қызылорда облысының әкімдігінің ресми парақшасынан алынды.
19 қыркүйек 2021 ж. 487 0