№4 (8818) 18

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (8817) 14

14 қаңтар 2025 ж.

№2 (8816) 11

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордада наурыз мерекесіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды

Қызылордада наурыз мерекесіне орай жәрмеңке ұйымдастырылды

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Таңғы сағат тоғыздан жәрмеңкеге ағылған жұрттың қарасы көп болды. Өйткені, мұндағы баға нарықтағыдан 15-20 пайызға арзан. Жәрмеңкеге барлық аудан мен қаладағы шаруашылықтар тауарларын әкелді. Бастысы, табиғи таза өнім. Сондықтан сұраныс жоғары. 100-ге жуық көлікке тиелген 250 тоннадан астам өнім саудаланды. 50 тоннадан астам күріш, 40 тоннаға жуық картоп, 15 тоннадай асқабақ, 80 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек өнімдері, 7 тонна шамасында ет, 15 тонна балық және 20 тоннаға жуық жем-шөп сатылды.
Қала тұрғындары бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізді.
23 наурыз 2021 ж. 465 0