Соңғы жаңалықтар

ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ МУЗЕЙДЕ

19 маусым 2026 ж. 51

Ерекше кітапхана

19 маусым 2026 ж. 144

№45 (8959) 16

16 маусым 2026 ж.

№44 (8958) 13

13 маусым 2026 ж.

№43 (8957) 9

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Депутаттар сапаға мән беруді тапсырды

Депутаттар сапаға мән беруді тапсырды

Шалқия кентінде 150 орындықты клуб үйінің құрылысы «Болашақ Девелопмент» ЖШС жүргізуде. Соның жұмысын партиялық бақылау бойынша бақылап қайттық.
Топ құрамында – «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, партия мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Жасұлан Амалбеков бар.

Құрылыс компаниясының директоры Ғалымбек Қызырбекұлы клуб үйі құрылысының 95 пайызы аяқталғанын баяндады.
– Бірінші этажда өрт қауіпсіздігіне қажетті құрылғыларды күтіп отырмыз. Сосын жылыту жүйесін жүйелеп, барлық бөлмелерді водоэмульсия жағу және клуб алдына брусчатка төсеу ғана қалды, – деді ол.
Шалқия кентінің әкімі Мәулен Сабырханов заманауи мәдениет нысанын тұрғындар асыға күтіп жүргенін айтты.
Аудандық мәслихат депутаттары құрылыстың сапасы бірінші орында тұруы тиіс екенін ескертіп, құрылысқа қарқын беріп, тездетіп бітіруді тапсырды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
15 қыркүйек 2021 ж. 389 0