Ел қалаулылары елдің бірлігін көздейді
Облыстық мәслихаттың хатшысы Наурызбай Байқадамов пен облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев ауданға келіп, құрылыс объектілерін көріп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.
Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев әлеуметтік құрылыс нысандарына жол бастады. Делегация алдымен Шалқия кентіндегі 150 орындықты клуб үйінің құрылысымен танысты.
Клуб үйі жоба бойынша екі этажды. Онда үйірмелер, ауылдық кітапхана жұмыс істейтін болады. Басты артықшылығы, лифт қарастырылған. Облыстық мәслихат хатшысы мердігер компания өкілдеріне жұмыстың барлық сатысында қадағалау болатынын, сондықтан құрылысты сапалы атқаруды тапсырды.
Одан кейін МАИ бекетіндегі 300 орындық және 169 мектептің 600 орындықты жаңа нысанының құрылысымен танысты.
Айта кететіні, МАИ бекеті аумағынан №163, №110, №125 мектепке 300-ден аса оқушы қатынап білім алуда. Ал, 400 орындық №169 мектепте 1000-нан аса оқушы оқиды. Яғни, екі мектептің де құрылысы аса маңызды. Наурызбай Сейітқалиұлы құрылысшыларға осыны ескертіп, мектеп құрылысын сапалы жүргізуді, әрі әлеуметтік нысанды мерзімінде тапсыруды тапсырды. Әсіресе, құрылыс жұмыстары ұзақ мерзімге созылған №169 мектептің жаңа нысанына алаңдаушылық білдірді.
– 2019 жылы мектеп құрылысы басталды. Бірақ жүйелі жұмысты көрмей тұрмыз. Бұл қарқынмен уақытылы бітере алмайсыздар. Құрылысшы санын арттыру керек, – деп нақты тапсырма берді Н.Байқадамов.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовке педагогтердің сапасына көңіл бөлетін кез келгенін атап, Финляндияның тәжірибесін мысал етті.
– Финляндия отарланған ел. Алайда бүгінде әлемнің озық елдерінің бірі. Бұған қалай қол жеткізді? Мектептерге білімді, білікті ұстаздарды тарту арқылы. Яғни білім беру саласындағы реформа елді дамытатын жол екенін жақсы түсінді, – деді облыстық мәслихат хатшысы.
Қонақтар орталық алаңды көріп, бұқаралық спортты дамытуда Жаңақорғанға жан-жақты жағдай істеліп жатқанын, осыны тиімді пайдаланып, тіпті, мемлекеттік қызметкерлер арасында жүйелі жарыстар өткізіп тұруды ұсынды.
Депутаттық корпуспен кездесуде Мақсұт Нәлібаев елдің бірлік-берекесі жолында қызмет етудің мән-маңызын түсіндіріп, атқарушы билікпен бірлесе бас партияның бағдарламасындағы басымдықтарды сапалы жүзеге асыруға шақырды. Ол үшін партияның фракция жиынында халықтың қажеттіліктерін жан-жақты саралап, шешілу жолын айқындап, халықтың сенім үдесінен шығу маңызды. Осы жолда сәттілік тіледі.
Кездесуде модераторлық еткен аудан әкімі Руслан Рүстемов атқарылып жатқан бастамалар ауқымды екенін, істің сапалы орындалуында депутаттардың белсенділігі қажеттігін атады.
– Аудандық, облыстық және ұлттық қазынадан әлеуметтік саланы қолдауға қомақты қаржы қаралып отыр. Мектеп, тұрғын үй құрылысы, ауыз сумен қамту, газдандыру бағытында бірлесе атқаратын іс көп. Сондықтан партиялық және қоғамдық бақылауды күшейтуге мән беру керек, – деді аудан басшысы.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ