Депутаттар балабақша құрылысымен танысты
«Nur Otan» партиясы фракциясының VIІ сайланған Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаттары партиялық бақылау комиссиясымен Ақүйік ауылдық округінде салынып жатқан балабақша құрылысымен танысты.
«Nur Otan» партиясы төрғасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қызылорда облысына сапармен келгенінде осы елді мекенге тоқтап, халықпен жүздескен еді. Кездесуде ауыл тұрғындары балабақшаға қажеттілікті көтеріп, бой көтеруіне ықпал етуді сұрады.
Бауыржан Қыдырғалиұлы мектепке дейінгі мекеменің маңызын түсініп, салынатынын айтқан-ды. Сөйтіп, партияның сайлауалды бағдарламасына еніп, құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балабақша құрылысы басталды.
Сондықтан депутаттар партияның бақылауында тұрған нысанды көруге асықты.
Топ құрамында партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұрлат Байгенже мен партия мүшесі Жасұлан Амалбеков бар.
Аудандық мәслихаттың депутаттары 90 орындық балабақша құрылысының қарқынын бағамдап, құрылысшылармен тілдесті.
Мердігер компания – «SKS Инжиниринг» ЖШС учаскелік басшысы Жасұлан Ысмайылов:
– Жоба бойынша балабақша екі этажды. Қазір бірінші қабаттың кірпішін өріп біттік. Жылдың аяғына дейін шатырын жауып, ішкі қабырғаларды сылау жұмысын жүргізуге күш саламыз. Сондай-ақ 350 метр құрайтын сыртқы қоршауын тұрғызамыз, – деді ол.
Белгілі болғандай, 28 құрылысшы жұмыс істеуде екен.
Партияның белсенді мүшелері – аудандық мәслихат депутаттары жиі-жиі келіп, құрылыстың барысын бақылайтындарын айтып, сапаға мән беру керектігін ескертті.

Жасұлан Сейдеметов