Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 049

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 079

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 894

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 393

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 601

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 591

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ураншылардың балаларға тартуы

Ураншылардың балаларға тартуы

Аудан әкімі Руслан Рүстемов Байкенже ауылдық округіне Жолдауда жүктелген міндеттерді насихаттауға арнайы барды. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» дегендей әкімнің қадам басуымен жаңа балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ әлеуметтік жобасы бойынша салынған балалардың ойын алаңында 21 ойын және воркаут құрылғысы орнатылып, жұмсақ жабын төселген. Жобаның құны – 15 млн теңге.
– Уақыт өткен сайын тұрғындардың талабы артып келеді. Әсіресе, балалар ойын алаңына сұраныс артты. Біз осы бағыттағы жұмысқа мән береміз. Атом компаниясы игілікті іске мұрындық болғаны үшін алғыс білдіремін, – деп құттықтаған аудан басшысы Жолдаудағы әлеуметтің әлеуетін арттыратын 7 бағыт пен 5 бастаманы талдап берді.
Құжатта жүктелген міндеттерді іске асыруда атқарылатын жұмыстар жөнінде түсіндіріп, ауылдық округ әкіміне тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар аудан әкімі соңғы бір жылда ауданда іске асырылған жобалар туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Ауыл тұрғындары Руслан Рүстемовке ауылдағы проблемалық мәселелер жөнінде сұрақтарын қойып, ұсы­ныстарын жеткізді.
Кездесу соңында ауылдық округ әкімі Нұрғали Оспанов аудан әкімін аудандық бюджеттен бөлінген қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілген ауылдық клуб пен кітапхананың жұмысымен таныстырды.
Тұрғындар аудан әкіміне келелі кездесу үшін алғыстарын білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Лаура БИБАСАРОВА

14 қыркүйек 2021 ж. 174 0