№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күре жол табыс көзі

Күре жол табыс көзі

Ұлы Жібек жолының заманауи жаңғырған жобасы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халақаралық транзиті. Қазір шығыстан-батысқа, батыстан-шығысқа жүк көліктері қаз-қатар ағылып жатыр. Оларға сервистік қызмет көрсетіп, қаржы өзімізде қалдыру керек. Осы мақсатта Жаңақорған ауданының аумағында сервистік қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Бұлар жөнінде Өңірлік коммуникация орталығында Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов айтты.

Сонымен бірге аудан бойынша «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында жалпы құны 1 млрд. 356 млн.теңгені құрайтын 5 жол бойы сервистік қызмет көрсету нысандары ашылып, жұмыс жасауда.
Анықтама үшін: ДК «Құламетов Абибулла»(оң жақ «В санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 62 млн теңге. Бүгінгі таңда жоба толығымен іске асырылып 10 адам жұмыспен қамтылды.
ДК «АружанК» (солжақ «С санаты, 1984 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 36 млн теңге. Жоба толығымен іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды.
ДК «Бексұлтан»(солжақ «В санаты, 1997 км) ЖК «Бексұлтан» жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 783 млн теңге. Қазіргі таңда жоба іске асырылып 10 адам жұмыспен қамтылды.
ДК «Астана»(оңжақ «С» санаты, 2030 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Қазіргі таңда жоба іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды. Жобаның құны 400 млн теңге.
ДК «Басқожаев»(сол жақ «СД санаты, 2045 км) жол бойы қызмет көрсету кешенінің жобасы. Жобаның құны 75 млн теңге. Жоба толық іске асырылып 6 адам жұмыспен қамтылды)
Сонымен қатар 2020 жылы «Орда-Сығанақ» ЖШС-нің шипажайы толық іске қосылады деп жоспарлануда. Жоба құны 850 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны 60.
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» көлік дәлізі бойында В санаттағы «Жан-Арай» ЖШС-нің жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылыс жұмыстары 2020 жылдың соңына дейін ішінара аяқталып іске қосылады. Жоба құны 700 млн. теңге. Жобада 300 орындық тойхана, кіші кафе 30 орындық, 50 орындық асхана,  20 нөмірлі қонақ үй қарастырылған. Жоба толығымен 2021 жылы іске асырылады.
27 қазан 2020 ж. 749 0