Қызылорда қаласында биыл балаларға арналған 30 ойын алаңы салынады
ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында биыл балаларға арналған 30 ойын алаңы салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап "Жаңақорған тынысы" тілшісі.
Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қолға алынып отыр. Қазіргі таңда 18 нысанның құрылысы толығымен аяқталды. Қалған 12 алаңды жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар қала бойынша 60-тан аса ойын алаңына жөндеу жүргізілуде. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында облыс орталығында жүзеге асып жатқан құрылыс сапасына бақылау жүргізді. Қала басшысы алдымен «Ақмешіт» шағынауданындағы №28 үйдің ауласына салынған балалар ойын алаңының сапасын тексерді. Қазір алаң толығымен заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі сапалы. Бұл жұмысқа тұрғындар алғысын білдірді. «Бұрын балаларымыздың ойнауына алаңдап отыратын едік. Мұндай орындардың болмауы салдарынан бір жерін жарақаттап алып жататын. Қазір қорқыныш сейілді, ойын алаңы біздің көңілімізден шығады», - деді қала тұрғыны Салтанат Күзербергенова. Облыс орталығын аралау барысында қала басшысы аталған шағынауданға қарасты №26, 27 үй тұрғындарымен кездесті. Олар тарапынан айтылған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма берілді. Тапсырма 10 күннің ішінде орындалуы тиіс екеніне назар аударды. Одан әрі қала әкімі облыс орталығының орталық бөлігіндегі Ғ.Мұратбаев көшесі №4 мекенжайында салынған спорт-жаттығу алаңына барды. Жобаны «Ақмар және К» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстары негізінде 18 адам еңбекпен қамтылған. Бұдан бөлек қазір қала аумағында тағы 2 балаларға арналған стритбол алаңдары салынуда. Олардың бірі - Бұқарбай батыр көшесіне орналасқан. Бұл стритбол алаңының құрылысы бойынша мердігер анықталып, құрылысы басталған. Оны «СпецСтрой ЛТД» ЖШС жүзеге асыратын болады. Қазіргі уақытта алаңдағы ескі топырақ шығарылып, ол жаңартылып, асфальт құйылды. Қажетті жабдықтарға Алматы қаласына тапсырыс берілген. Спорттық жабдықтар апта аяғында жеткізіледі. Ал Тасбөгет кентінде орналасқан стритбол алаңында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Аталған нысанға тас төселіп, қажетті спорт жабдықтарына тапсырыс берілген.