№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәжірибелі тәлімгердің тәлімі

Тәжірибелі тәлімгердің тәлімі


Шәкірттерінің бойына асыл қасиеттерді ұялатып, өн бойында ұстазға тән адалдық пен адамдық қасиетімен ерекшеленетін ұстаздар аз емес. Міне, осындай білікті мұғалімнің қатарына Нұргүл Мейірманованы жатқызуға болады.


№213 мектептің математика пәнінің мұғалімі Тамыз кеңесінде мерейі тасып, марапат биігінен көрінді. Біз оны кейіпкер етіп, мұғалімдік міндетін сараладық.
– Мұғалімнің негізгі мақсаты – білімі мен қабілетін шыңдай отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Әрине, бұл көп еңбекті қажет етеді. Алдыңа келген әр үйдің үміт күткен баласының назарын өзіңе аударып, қызығушылығын арттыру керексің. Өйткені олардың интернет арқылы әлеуметтік желілерге деген қызығушылығы басым. Өз іс-тәжірибемде күн сайын білім берудегі жаңаша түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, балалардың қабілет-қарымын ашуға, шығармашылығын дамытуға жұмыс жасаймын, – деді.
Иә, тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығын халықаралық тәжіри­белер көрсетіп отыр. №213 мектеп директоры Қалдыбай Елемесов еңбекқор ұстаз жайлы пікірін төмендегіше өрбітті.
– Менің ойымша, кез келген адам мұғалім бола алмайды. Себебі ұстаз – тағылымы терең тұлға. Әрі ол бар мамандықтың қыры мен сырын жетік білетін маман иесі. Ал ондай сегіз қырлы бір сырлы болу кез келген адамның қолынан келе бермейді.Олай болса ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс, білікті біліммен бірге қажырлы еңбек ұштасу қажет. Яғни, ұстаз мамандығы ең асыл, ең қасиетті, ең қадірлі адам, дүниедегі мамандықтың төресі деуге болады. Сондықтан да мұғалім болу оңай іс емес. Нұргүл Мейірманова өте ізденімпаз мұғалім. Ол оқушыларға өз білгенін бар ынта жігерімен үйретіп жүр, – деді.
Ұстаз үшін ең басты көрсеткіш шәкірттің білім деңгейі, оның жетістігі десек, бұл орайда мектеп мерейін өсіріп жүрген оқушылар жетерлік. Мектепті бітірген оқушыларынан 5 оқушы «Алтын белгінің» иемденсе, 2 оқушы «Үздік аттестат» алыпты. Ал өзі аудандық «Үздік математик» кәсіби байқауында бас жүлде иегері атанып білікті ұстаз екенін дәлелдеді. Мұнда, әлбетте, ұстаздың тынымсыз еңбегі жатыр.

Айкерім МӘДИҚЫЗЫ

08 қыркүйек 2021 ж. 445 0