№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыңғырла, алғашқы қоңырау!

Сыңғырла, алғашқы қоңырау!


Биылғы алғашқы қоңырау ерекше болды. Біріншіден, коронавирустық пневмонияға байланысты 1,5 жылдық үзілістен кейін мектептің есігі қайта ашылды. Екіншіден, бүлдіршіннің танымы мен талғамына сай келетін «Әліппе» мен «Букварь» оқулығымен қайта табысты. 
Үшіншіден, биылғы алғашқы қоңырау тек 1 сынып оқушыларына ғана арналды.
Елдің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов фейсбуктегі аккаунтында биыл ел бойынша 394 мыңға жуық бала 1 сыныпқа қабылданғанын жазды. 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 19048 оқушы білім алса, оның 1865-і мектеп табалдырығын аттады.
Әрине аудандағы 42 мектепте өз деңгейінде білім беру үрдісін ұйымдастырып келеді. Жаңақорған кентіндегі кез-келген мектеп уақыт талабына сай жұмыс істеуде. Одан бөлек, Жаманбай батыр ауылдық округіндегі №54, №239, Жайылма №195, Қыркеңсе №213, Қаратөбе №229 елді мекеніндегі білім ордалары да білім беру процесінде ерекшеленіп келеді.
Біз өткен оқу жылы 28 талапкер түлесе, оның 25-і мемлекеттік гранттың иесі атанып, 3-і әкім грантына қол жеткізген №3 мектеп-интернаттың алғашқы қоңырауына қатыстық.
Жыл өткен сайын мектеп-интернатта білім алуға ниетті оқушылар қатары артып келеді. Биыл онда 34 жасөспірім 1 сыныпта білім алады.
1 сынып оқушылары үшін зор қуаныш, өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі алғашқы қоңырау салтанаты екені даусыз. Осынау айтулы күні жүздері нұр жайнап, гүл шоқтарын ұстаған бабалардың қуанышын жүздерінен оқуға болады.
Мерекелік жиында сөз алған мектеп директоры Ләззат Машбекқызы:
– Қыркүйектің алғашқы күнінде көңілі ақ, ниеті пәк бүлдіршіндер қолға Әліппе ашып, мектеп табалдырығын аттаса, жалпы оқушылар қауымы жаңа оқу жылына қадам басады. «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деп Абай атамыз айтқандай, жастар ілім-білім жинауға асығып, озық ойлы, өрелі азамат болады деген ойдамын. Білім ордасының табалдырығын аттаған сәбилерге тек сәттілік тілеймін! – деді.
Одан әрі күміс қоңырау оқушылық өмірдің белгісіндей болып жаңғырды. Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1 сынып оқушысы Айзере Жұмабай мен Аян Сындарға бұйырды.
Көңілге керемет күй сыйлаған әдемі кеш мектеп партасына отырып, оқушылық өмірді сезіну сәтіне ұласты.
Айта кететіні, өткен оқу жылында аудан мектептері зор табысқа жетті. ҰБТ қорытындысы бойынша Қызылорда қаласынан кейін екінші орынды алса, грантқа оқуға түсу бойынша аудандар арасында бірінші орынға шықты. Мұның бәрі Болат Ибрагимов бастаған білім саласының мамандарының ілкімді істерінің нәтижесі.
Әсел РЗАЕВА
05 қыркүйек 2021 ж. 334 0