№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа оқу жылының жаңалығы қандай?

Жаңа оқу жылының жаңалығы қандай?

Биылғы жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта оқытылады. Бұл туралы елдің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді. Қазақстанда 3,6 миллион оқушы мектепте білім алса, оның 19 050-і жаңақорғандық. Жаңа талаппен жаңа оқу жылын бастағалы тұрған аудандағы 42 мектептің дайындығы қалай? Ұстаздар мен ата-аналар нені ескерген дұрыс? Осы жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимовтен сұрадық.

Жаңа оқу жылының басталуы туралы бұйрық пен әдістемелік нұсқаулық әрбір білім беру мекемесіне берілді. Бұйрыққа сәйкес, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Оқу 34 аптаны қамтиды. Тағы 4 апта жазғы мектепті құрайды. Жаңа оқу жылында балалардың денсаулығын сақтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптар барлық білім беретін мекемелерде сақталады.
Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов:
– Еліміз қауіпті індетпен күрес жолында тәжірибе жинап келеді. Биыл оқушылар мектепке дәстүрлі форматта білім алады.
Ортақ талапқа сай, білім беру ұйымдарындағы педагогтар мен оқушылар, студенттер маска тағуға міндеттеледі. Барлық оқу корпусында дезинфекциялау тұрақты жүргізіледі, – деді.
Айта кететіні, оқушылар мен студенттер, педагогтар мен басқа қызметкерлер ғимараттарға Ashyq жүйесі арқылы кіретін болады. Осы істі жүзеге асыру үшін аудандағы барлық білім беру ұйымдарының кіре берісіне Ashyq QR коды қойыла бастады. Баланың дене қызуы мен денсаулық деңгейі анықталатын болады. Бұл туралы ауданның эпидемиолог-дәрігері Асхан Отарбеков те растады.
– Ashyq жобасы көпшілік ортада қаупсіздікті арттырады. Бұл жоба тек қана сауда орындарында ғана емес, білім беру мекемелерінде іске асырыла бастады. Бүгінде аудан орталығындағы мектептерді Ashyq жүйесіне қосуды бастадық, бір апта мерзімде мектептер жүйеге толық қосылады. Бұл ең алдымен, оқушылардың қауіпсіз білім алуына мүмкіндік береді. Өздеріңіз білетіндей, 4 түс арқылы денсаулық деңгейін анықтайтын болады, – деді эпидемиолог-дәрігер.
Білім беру мекемесіндегі әрбір жұмыскердің вакцина алуына да ерекше көңіл бөлінеді. Әрі мектептерде қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, «бір сынып – бір кабинет» жүйесі жұмыс істейді. Барлық бұқаралық шараға тыйым салынады. Бір сөзбен айтқанда, мерекелік шараларға жол берілмейді. 1 қыркүйек тек бірінші сынып оқушылары үшін мектеп ауласында өтеді. 2-11 сынып оқушылары сынып сағаттарымен шектеледі. Салтанатты шараға ата-аналар қатыстырылмайды.
Білім бөлімінің мәліметіне жүгінсек, ұстаздар мен техникалық қызметкерлердің барлығы вакцина алған. Ескертетіні, денсаулығы бойынша тәуекел топтарға жататын, ата-аналары немесе өздері коронавируспен ауыратын оқушылар уақытша
қашықтан оқиды.
Биылғы 2021-2022 оқу жылында 1 сыныпқа 1786 оқушының ата-анасынан өтініш түсті. Оның 1746-ы eGov.kz-те электронды өтініш болса, қалған 40-ы жазбаша өтініш. Бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 15 пайыз көп. Бірінші сыныптар үшін ең үлкен жаңалық «Әліппе» оқулығымен сауат ашатын болады. Бұл туралы жаңалықты қуанышпен қабылдаған №110 мектептің ұстазы Ақдәме Сейтханова:
– Ұстаздық еңбек жолымда талай оқу үрдісін тәжірибе етіппін. Биылғы оқу жылы қарсаңында бірінші сыныпқа жетекшілік ететін сәтімде еліміздің бас ұстазы Әліппе оқу бағдарламасына енетінін сөз етті. Менің қуанышымда шек жоқ. Себебі, әліппеден асқан сауат ашатын оқулық болған емес. Оқушылардың дұрыс білім алуы үшін мүмкіндік берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке халық атынан алғыс айтамын, – деді.
ТҮЙІН. Болашақ кілті – білімде. Жалпы адамзаттық пандемия кезеңінде әр ел өз білім деңгейін сақтап қалуға күш салуда. Біздің еліміз де отыз жылдық Тәуелсіздік тарихында кемел келешекке қадам жасау үшін білім ошақтарының шырағын сөндірмеуді құп көруде. Сын сағатта сыныптан сыныпқа көшіп, сындарлы саясаттың салмағы бұғанасы қатпаған балаларға түсіп тұр.
15 тамыз 2021 ж. 484 0