№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мектептің карантиндік талап-міндеттері қандай?

Мектептің карантиндік талап-міндеттері қандай?


1 қыркүйек барлық білім ордасы есігін ашып, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршіндерді жылы шыраймен қарсы алатын күн. Бұл күн ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы болады.
Иә, сыңғырлаған алғашқы қоңырау үні – мектеп қабырғасынан шыққан әрбір жанның жүрегіне жақын, көңіліне қымбат ерекше есте қалар сәт. Алайда, әлемді жайлаған індеттің салдарынан өткен жылы қоңырау үні естілмеген еді. Араға бір жыл салып, алғашқы қоңыраудың үні естіледі.


Биыл 1 қыркүйекте алғашқы қоңырау салтанаты тек 1 сынып оқушылары үшін өтеді. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
– Биыл мектептерде алғашқы қоңырау санитарлық нормаларды сақтай отырып, тек бірінші сынып оқушыларына өтеді. Балаларға «Әліппе» және «Букварь», «Сауаттылыққа оқыту», «Цифрлық сауаттылық» сияқты алғашқы кітаптары табысталады. 2-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары ұйымдастырылады. Жаңа оқу жылында мектеп формасы негізінен сақталады. Бірақ пандемия жағдайына байланысты мектепке классикалық үлгідегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат беру бойынша шешім қабылданды, – деп түсіндірді елдің бас ұстазы Үкімет отырысында.
Иә, бұрынғыдай қаумалаған оқу­шылар арасында қоңырау соғыл­майды. Ұстаз бен шәкірт бір-бірін сағынысып көріссе де, бұрынғыдай қол алысуға болмайды. Осы тұста, аудандық білім бөлімінің маманы Жанна Нұрмағанбетова пандемия кезінде оқушылардың қалай білім алатынын сұрадық.
– 2021 жылы 1 қыркүйектен бастап барлық оқушы дәстүрлі форматта білім алады. Алайда, мектепке ұстаздар мен ата-аналар «Ashyq» қосымшасы арқылы ғана кіре алады. Ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің барлығы коронавирусқа қарсы екпе салдыруы міндет. Оқушы мен мұғалімнің бет­перде тағып жүруі, кабинетте ұдайы дезинфекциялау және кварцтеу жүргізу, білім беру мекемесін дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау, мектептің жобалық қуаты мен оқушылар санын есепке ала отырып, жұмыс режимі мен ауысымды алдын ала анықтау, оқу процесін әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұйымдастыру, сыныпта бір уақытта болатын адам саны 40-50 пайыздан аспау, дәліз бен тамақтану бөлмесінде балалардың шоғырлануын болдырмау үшін қоңырау мен асханаға бару уақытын түрлі уақытта ұйымдастыру, бір сыныпты бір кабинетте оқыту, бұқаралық, мәдени және спорт іс-шараларын өткізуді шектеу және т.б талап-міндетті қатаң сақтауы тиіс, – дейді маман.
Әлбетте, бірінші байлық – денсаулық. Елдің қауатты болуы да – ұлттың саулығына байланысты. Ендеше коронавирус әлем елдерінің тынысын тарылтып, алқымынан алған уақытта карантиндік талапты сақтау өте маңызды.

Әсел РЗАЕВА

31 тамыз 2021 ж. 487 0