№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 86 ПАЙЫЗ ДАЙЫН

«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА 86 ПАЙЫЗ ДАЙЫН


«Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы құбыр жолдары арқылы газды тасымалдау қызметін көрсетеді және Қызылорда облысы бойынша барлық санаттағы тұтыну шыларға газды өткізу қызметін іске асырады. 
Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша газдандырылған абоненттер саны – 120 194 құрайды. Оның ішінде 117 473 тұрғын. 2021-2022 жылдарға арналған жылыту маусымына филиалдың меншігіндегі нысандар бойынша дайындығы 86 пайызды құрайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Нұрлан Құрманбаев мәлімдеді.
«Дегенмен, бүгінде облыс бойынша тұтынушылардың дайындығы нашар. Кейбір жеке және заңды тұлғалардың әлі күнге дейін газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге арналған шартқа отырған жоқ. Сондай-ақ, газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады», - деді Н.Құрманбаев.
Сондай-ақ Нұрлан Құрманбаев қазіргі уақытта облыс бойынша тұтынушылардың пайдаланылған газ үшін қарызы шамамен 1 млрд теңгені құрайтындығын атап өтті. Сонымен қатар, филиал смарт-картамен алдын ала төлеуді жүзеге асыратын электрондық тұрмыстық газ есептегіштерін пайдаланатын тұтынушыларға тегін негізде электрондық көрсеткіштен механикалық көрсеткішке ауысуды ұсынды.
«Электрондық газ есептегіші ұзақ уақыт пайдаланылатындығына және батареяның тозуына байланысты, есептегішістен шығады, осы ретте газ есептегішінің клапаны іскеқосылып, газ беру автоматтытүрдетоқтайды. Көбінесебұлжағдайәрайдыңаяқталукүнінденемесеәрайдың 1-күніне ауысукезеңіндеболады. Сондықтан, тұтынушылардыңосындайкөптегенөтініштеріболғанкезде, осы саланыңмамандары газ берудіқалпынакелтіруүшінесептегіштердіэлектрондытүрдемеханикалыққаауыстыруғабіруақыттаорындауымүмкінемес. Механикалықесептегіштіқолданудыңартықшылығы – газ берудіңтұрақтылығы, кассағакезектетұрудыңқажетіжоқ, бұл абонентке үйденшықпай-ақ, Халықжәне Каспи банктерініңмобильдіқосымшаларыарқылытұтынылған газ үшінақытөлеугемүмкіндікбереді», - дедіН.Құрманбаев.
02 қыркүйек 2021 ж. 431 0