№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Салық түсіміне сансыз сұрақ

Салық түсіміне сансыз сұрақ


Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы, кіріс көздерін ұлғайту, салық болжамын кеңейту барысы туралы үшінші мәселені баяндауға аудан бойынша кірістер бас
қармасының бөлім басшысы Айдархан Ердесбеков шықты.
– Жаңақорған ауданы бойынша мем¬лекеттік кірістер басқармасымен 2021 жылдың 1 тамызына мемлекеттік бюджет жоспары 12331561,7 мың теңге, түсім – 136587434 мың теңге болып, жоспар 110,8 пайызға, яғни бекітілген болжам 1327181,7 мың теңгеге арты¬ғымен орындалды, – деп бастады сөзін салықшы маман. Ары қарай да осы деммен баяндама жалғаса бере ме еді, оған көңілі толмаған аудан әкімі сұрақ-жауапқа көшті.

Іле Руслан Рүстемұлы: «Сіз өз хабар¬ламаңызда айтқандай, мүлік салы¬ғын Өзгент ауылы 1063 пайызға, Сүттіқұдық ауылы 337 пайызға артық шықса, көлік салығынан Қыркеңсе ауылы 202 пайызға, Жаманбай ауылдық округі 206 пайызға артық орындаған.
Осы артық орындалудың себебіне сіз жоспардың дұрыс қойылмағаны дейсіз, сонда оған кім жауапты? Сіздер қадағаламасаңыздар, ал, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі келісуді талап ете алмаса, қаржы бөлімі менің жұмысым емес деп отырса, ауыл әкімі өзінің білгенін істеп, бекітіп алып, кете беретін болса, маған мұның не керегі бар? Соны мемлекеттік қызметкер тұрғысынан ойлап көрдіңіздер ме?
Әркім өз білгеніне тартып әлек, тоқетері салық төлемдері қайсыңның жауапкершілігіңде тұр?
Және сіз хабарламаңызда айттыңыз, 2021 жылдың 1-ші тамызына 660 заңды тұлға, 3997 дара кәсіпкер және 974 шаруа қожалығы тіркелген деп. Оның ішінде 645 дара кәсіпкер ағымдағы жылдың 7 айының есебінде бар. Сонда барлығы 5631 кәсіпкерлік субьектісі болады. Есепті тарқатып, дәлдікпен айтқан абзал.
Жыл басында есеп берілген кезде ауданда 5236 кәсіпкерлік субьектіге жетті деп жар салдық. Енді оған сіздің айтуыңыз бойынша 2021 жылғы 1-ші тамызға дейін жаңадан тіркелген 645 дара кәсіпкерді қосайық. Сонда барлығы 5881-ді құрайды. Сонда арадағы 250 нысанның қайда кеткенін кім айтады?
Жабылған кәсіпкерлік субьектісінің себебін сұрап, басын ауыртып жатқан адам бар ма?
Бір мәселе әлі жұмбақ. Сіздерде тіркелген кәсіпкерлік субьектілер мен статистика басқармасы мәліметіндегі субьектілер саны арасында неге үлкен айырмашылық туындай береді? Бір ауданда тұрып, ақпарат неге әрқалай?
Статистика басқармасының дерегіне сүйенсек, 01.01.2021 жылға 267 заңды тұлға, 2468 шаруа қожалығы, 2501 дара кәсіпкер тіркелген дейді. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?
Біз салық базасын қалай көбейтпекпіз, егер кәсіпкерлік субьектілердің санын нақтылай алмай жүргенде...
Бұл жерде кінә – аудан әкімінің орынбасарларында болып тұр. Сон¬дықтан Оңал Ержанов пен Ердулла Сұлтанбековке арнайы тапсырма, атал¬ған екі басқарманың басшылары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерімен бірлесіп, 1 апта уақыт ішінде жоғарыдағы айтылған есептердің сәйкестендірілуіне жұмыс жасап, нәтижесін жазбаша түрде баян¬дайтын боласыздар.
Өткенде, мамыр айындағы әкімдік мәжілісінің хаттамалық тапсырмасында лицензия алып, жұмыс жасау жөнінде тапсырма берілген болатын. Сол тапсырмадаай сайын ақпарат беріп отырыңыздар дегенмін. Бірақ бүгінгі күнге дейін мен ешқандай ақпарат көргенім жоқ.
Бүгінгі мәжілісте алдымыздан тағы алкоголь өнімдерін сату үшін лицензия алмаған Қосүйеңкі, Қыркеңсе, Кейден, Екпінді, Жаңарық, Қожамберді, Көктөбе, Қыраш, Манап ауылдық округтеріндетағы қайталанып тұр. Жұмыстың нәти¬жесі қайда сонда? Тапсырманың орын¬далуын қадағалауды босаңсытқан орынбасарларыма жедел¬ділік керек, әбжіл әрекет қажет.
Бұдан бұрын алкоголь өнімін жасырып сатқан дүкен иелері полиция органына ұсталып, іс сотқа жолданған еді. Осы ақпараттың ақ-қарасы жөнінде аудан әкімі аудандық полиция бөлімінің басшысы, полковник Ғани Тұрсекеевті орнынан тұрғызды.
– Алкоголь өнімдерін сату фактісімен анықталған 7 жағдай сотқа жолданып, оларға әкімшілік айыппұл салынды, – деді полиция бөлімінің басшысы.
Мұнан кейін аудан басшысы: «Айдархан Әсілханұлы, шаруа қожа¬лықтарына қатысты жұмысшы санын көбейту жөніндегі ұсынысыңыз қош¬талады. Шындығында 1-2 адаммен қаншама гектар жерге күріш егіп, қаншама отар малды баға алмайтыны белгілі. Бұл жерде еңбекақының барлығы конверт арқылы төленіп келеді.
Олар жұмысшыларға еңбекақы төлеуден қашпайды, тек құжат тапсыруға уақыты бола бермейді. Сондықтан Оңал Жанатұлы, сіздің төрағалығыңызбен жұмысшы топ құрып, құрамында міндетті түрде мәслихат депутаттары мен кент, ауылдық округтің әкімдерін қосып, топтың жұмысшы органы жұмыспен қамту орталығы болу керек. Соған сәйкес кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, әрбір елді мекендегі шаруа қожалықтарымен жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын.
Сол уақытта жұмыссыздықтың пайызы төмендейтін болады, барлық әлеуметтік төлем де аударылады» деді де: «Айдархан Әсілханұлы, сіздің хабарламадағы тағы бір мәселе - заңды тұлғалардың мүлік және жер салығынан жыл соңына дейін 691,2 млн. теңге түседі деп күтілуде дейсіз (жыл басынан түскені 464 млн. теңге). Өткен жылы қанша түскенін айтыңызшы?
Ол күмілжіп, нақты жауап бере алмады.
Бұған аудан әкімінің өзі жауап беруге тура келді. «Өткен жылы жоспар 1,041 млрд. теңге, орындалуы 1,008 млрд. теңге болды. Яғни 33 млн. теңге кем орындалды. Ал, биыл жыл соңына дейін 690 млн. теңге заңды тұлғаның мүлік салығын түсіре аламыз дейсіздер. Өткенде экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкері Қосаев жолдас 121 млн. теңгеге орындалмай қалу қаупі бар деді. Сонда бір-бірімізбен ақылдаспай, ауызға келген цифрды айта береміз бе? Бұл не деген батпан құйрық?
Ал, енді салық есептілігін «0»-дік көрсеткішпен тапсырған 661 салық төлеушінің тізімі бар ма? Бар болатын болса, сіздердің тараптарыңыздан қан¬дай жұмыстар атқарылды? Кент, ауылдық округ әкімдеріне тиісті тізім жасап, хатпен жолдадыңыздар ма?»
–Руслан Рүстемұлы, барлық ау¬ыл¬дық, кент округіне тізім хатпен жол¬данды, – деді салықшы Ердесбеков.
– Сұлтанбеков жолдас, кірістер басқармасына және кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, «0»-дік көрсеткішпен салық есептілігін тап¬сырған жеке кәсіпкерлермен түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, 10 күн мерзім ішінде бюджетке түсетін салық көлемінің есебін жазбаша ұсынасыздар! Сол есептеріңізді 1 ай мерзім ішінде бюджетке түсуін қамтамасыз етесіздер!
Жаңақорған кенті, Қожакент, Төме¬нарық, М.Нәлібаев, Талап ауылдық округінің әкімдері хабарламада айтылған көлік салығының берешегі 1 қазанға дейін орындалмайтын болса, тәртіптік жауаптылық қаралатын болады. Бұл барлық кент, ауылдық округ әкімдеріне қатысты.
Қазіргі таңда Арал (9 млн. теңге) мен Қазалының (4 млн. теңге) көрсеткіштеріне қараңыздар, оның қасында Жаңақорған ауданында (45 млн. теңге) көлік салығының қарызы қалыптасқан. Міне,біздің деңгейіміз!– деді аудан әкімі.
–Мен де бір ұсыныс бар, – деді полковник Ғани Тұрсекеев, – бір¬лескен рейд ұйымдастырылса біз өз тарапымыздан қатысуға мүмкіндік бар. Берешегі бар көлік иелерін тоқтатып, ақша төлемін сол заматта жасау арқылы бұл мәселені шешуге болады.
–Бұл өте орынды ұсыныс. Алдағы уа¬қытта кенттің басты көшелеріне бақылау камераларын орнатып, берешегі бар көлік жүргізушілерін қадағалауға аламыз, жол ережесін бұзған жағдайда тиісті шара қолдануға жол ашамыз, – деп аудан әкімі бір қуантты.

Қаныбек АБДУОВ
29 тамыз 2021 ж. 300 0