ЖАҢАҚОРҒАНДА САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМНІҢ КӨРСЕТКІШІ АРТҚАН
2018 жылдың қорытындысымен Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері оң қалыпқа ие. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Ғалым Әміреев ел елдындағы есепті кездесуде баяндады. Әсіресе, салықтық түсімдер ұлғайған деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті.
– 2018 жылы жергіліктібюджет 105,9 пайызға орындалса,(болжам 2134794,0 мың теңге, орындалғаны 2253731,0 мың теңге). Салықтық түсімдер 101,3 пайызға. (болжам 2082191,9 мың теңге, түсім 2108314,0 мың теңге), яғни 26122,1 мың теңгеге. Салықтық емес түсімдер 306,1 пайызға орындалды. (болжам 31104,6 мың теңге, орындалғаны 95198,4 мың теңге), яғни 64093,8 мың теңге артық. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім 258,7 пайызға орындалды.(болжам22299,0 мың теңге, орындалғаны 57696,8 мың теңге), яғни 35397,8 мың теңгеге артық орындалды, – дейді аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы.
Жасұлан Сейдеметов
Пікір 122