№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа оқу жылына дайынбыз ба

Жаңа оқу жылына дайынбыз ба



Жаһан жұртын бір тарының қауызына сыйдырған алапат індетті соғыстың жаңа бір кезеңіне балайтындар көп. Расында ғой, коронавирустан құтылудың жолы біреу – сақтық шараларына мән беру, жеңудің жолы да біреу – ұжымдық иммунитет қалыптастыру.
Қазір әлем елдері тәжтажалды жеңудің қамымен карантиндік талаптарды күшейтіп, вакциналауды қарқынды жүргізуде. Осыны ұстанған елдер жеңімпаз болып табылады.
Мұның салқыны білім беру саласына қатты тиді. Біржарым жылға жуық оқушылар қашықтан білім алды. Әрине, қалалық жерде интернеттің жылдамдығы жоғары, қосалқы құралдарды игеріп, сапалы білім беруде артықшылықтар көп. Ал, интернет ұстамайтын елді мекендердегі жағдай айтпаса да түсінікті болар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев талапкерлерге дәстүрлі білім берудің маңызды екенін айтып, Білім және ғылым министріне жаңа оқу жылында сақтық шараларын сақтай отырып офлайн оқытуды тапсырды.
Сонымен, 2021-2022 жылы барлық деңгейдегі білім мекемелері дәстүрлі форматта білім береді. Елдің негізгі капиталы – адамда, елдің келешегі – білімді жастарда. Осыны терең түсінетін аудан әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кентіндегі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.
Алдымен №169 Н.Илялетдинов атындағы мектепке барды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибра¬гимов жол бастап, оқу жылына дай¬ындықты баяндады.
– Аудандағы 42 мектептің мұға¬лімдері 100 пайыз вакцина салды. Барлық білім ордасының кіре берісіне дизинфекциялық туннель, аshyq жобасы және әр сыныпқа антисептик пен кварц шамы қойылды. Биылғы оқу жылында 19229 оқушы білім алса, оның 1695-ы 1-сыныптық «Әліппемен» ілімін ашады, – деді Болат Мақсұтұлы.
Ары қарай әкім Руслан Рүстемұлы мен директор Аллаберген Сақымбекұлының пікір алмасуынан мектептің тынысын бағдарладық.
– Мектепте қанша оқушы бар?
– 1379 тәлімгеріміз бар. Оған даярлық сыныбындағы 120 баланы қосу керек.
– Өткен оқу жылын қалай қоры¬тындыладыңыздар?
– Өте жақсы. 49 оқушы бітірсе, соның 41-і ҰБТ-ға қатысты. Оның 28-і мемлекеттік гранттың иесі атанды.
– Ұстаздардың біліктілігі қалай?
– Мектептің жетістігі ұстаздардың білім-біліктілігінің нәтижесі.
– Құдай қаласа жаңа ғимаратқа көшесіздер. Бұл – мемлекеттің білім саласына жасап жатқан қамқорлығы. Осы үмітті ақтаңыздар...
– Әрине, мұның жауапкершілігін жақсы білеміз. Білім сапасын арттырып, бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыруға бар күш-жігерімізді саламыз.
Аудан әкімі сала басшысымен №169 мектептің қазіргі ғимаратына Әлшекей атындағы өнер мектебі мен аудандық балалармен мәдени-тәрбиелік жұмыстар орталығын көшіру жайында ақылдасты.
Одан кейін аудан басшысы М.Қаратаев атындағы №51 мектепке барып, жаңа оқу жылына дайындықты бастаған ұстаздар қауымына:
– Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, білімді, білікті, рухты шәкіртеріңізбен мақтана беріңіздер, – деп алғаусыз тілегін жеткізді.
Аудан басшысы мектепішілік әжетхананы, спорт зал мен асхананы, оқу кабинетін көрді.
Мектеп директоры Жеңіс Ибрагимов:
– 115 мұғалім 965 оқушыға білім береді. 1 сыныпқа 85 бала құжат тапсырды. Оларды 4 сыныпқа бөлеміз. Әр сыныпқа коронавирустан сақтану бұрышы қойылды. Онда вирустан сақтану мен алдын алу жолы жөнінде ақпарат алады. Үзіліс кезінде індеттің қауіпі мен вакцина салдырудың маңызы жөнінде хабарлайтын ведиоролик қойылады. Ғимарат ішінде арақашықты сақтау және жүру ережесіне байланысты арнайы жолақ және лентамен бөлінді, – деді Жеңіс Шамшудинұлы.
Келесі кезекте №3 мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен та¬нысты.
Білім ошағының басшысы Ләззат Нәлібаеваның сөзінше, өткен оқу жылы 28 талапкер түлесе, оның 25-і мемлекеттік гранттың иесі атанды, 3-і әкім грантымен жоғары оқу орнында білім алады.
Бүгінде мектеп-интернатта білім алуға ниетті адамдар саны артып келеді. Оның себебі, мектеп білімді, білікті, талапшыл ұстаздырымен мақтанады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кентіндегі №56, №125, №163, №110 мектепке де арнайы барып, оқу жылына дайындығын және жылыту маусымына әзірлігін тексерді. Бастауыш сынып оқушылары білім алатын сыныптарды аралап, араға бес жыл салып келген «Әліппенің» мазмұнын дәйектеп, ұстаздарға білім шырағын жағуда сәттілік тіледі.
Мектеп директорлары Мұхтар Әбутәліпов, Айгүл Назарымбетова (директордың міндетін атқарады), Қал¬дыбек Ахметов, Әділмырза Тәждинов жаңа оқу жылына толық дайын екенін дәйектеді.
Ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов білім беру саласына маңыз беріп, арнайы мектептердің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушыларға сапалы білім беруді міндеттеген аудан әкімі Руслан Рүстемұлына алғыс білдіріп, талап-үдеден шығуда еңбек ететінін айтты.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
29 тамыз 2021 ж. 270 0