№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Үшінші тоқсан: мектептер есігін ашты

Үшінші тоқсан: мектептер есігін ашты


Бүкіл әлемді бір тарының қауызына сыйдырып жіберген коронавирусты әлі толық құрықтаған жоқпыз. Жаһан жұртының 90 миллионнан аса адамынан вирустың белгілері анықталды. Әлем алпауыты АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 22 миллионнан асты. Бұл – вирустан келетін қауіп әлі жоғары екенін көрсетеді. Демек сақтық шараларын сақтап, білім беру ісін жалғастыру керек.


Ата-ана мен мұғалімдердің, оқушылардың тілегі біреу, ол – тезірек дәстүрлі оқуға көшу. Үшінші тоқсан жақындаған сайын көпті алаңдатқан сауал осы тақырып болды.
Бұл сұраққа бас ұстаз Асхат Аймағамбетов «аралас оқиды» деп жауап берді. Яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын оқушыларға қатысты өте маңызды шешім. Олардың дәстүрлі оқуы өте маңызды. Білім алудағы олқылықтарды аз да болса толтыру үшін басқа да сыныптардың оқушыларына сабақтан тыс уақытта жеке консультациялар ұйымдастыруға рұқсат берді. Бірақ топта 5 оқушыдан аспауы керектігі ескертілді.
Демек, барлық сынып түгелдей дәстүрлі оқуға әзір көшпейді. Бұл мәліметтерді нақтылай түсу үшін аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Мейірхан Оспановпен байланыстық.
– Елімізде 9,11 сыныптар ғана үшін тоқсаннан бастап аралас оқу форматына көшеді. Яғни оқушылар санитарлық талаптарды сақтай отырып негізгі пәндердің 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын қашықтықтан оқиды. Оффлайн өтетін сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәні кіреді. Қалған 30 пайызы – информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери дайындық пәні қашықтықтан оқытылады. Оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында кезекші топпен жұмыс жүреді. Бірақ сыныпта 15 баладан артық отырмауы тиіс. Мектептерде сабақ арасындағы үзіліс әр сынып үшін әртүрлі уақытта белгіленеді. Сабақ ұзақтығы – 30 минуттан аспайды, үзіліс – 5 минут. Әзірге осы міндеттерді басшылыққа аламыз, – деді жауапты маман.
Озық елдердің тәжірибесінде тәлімгерге аз-аздан болса да үздіксіз білім беру көзделген. Дегенмен бүгінгі ахуал сақтықты талап етіп отыр. Бұл тұрғыда №55 мектептің директоры Айнұр Мырзалиева өз пікірін былай білдірді:
– Дәстүрлі білімге көшуіміз өте маңызды шешім деп санаймын. Бұл шешім, ең алдымен, бірнеше айдан кейін қорытынды аттестация, яғни мемлекеттік емтихан тапсыратын балаларға үлкен әсер етеді. Олар тоғызыншы және он бірінші сыныптар. Оқушылар бағдарламаның 70 пайызын дәстүрлі режимде және қалған 30 пайызын қашықтан оқиды. Аралас оқыту дегеніміз осы ғой. Мектеп мұғалімдері де, оқушылар да қатты қуанып жатыр. Сыныпқа кіріп, партада отырып, мұғаліммен жүзбе-жүз кездесіп, білім алғанның тиімді екені сөзсіз. Оқушы түсінбеген жерін сұрап, өзіне қажетті ақпаратты толыққанды ала алады. Сондықтан да, бұл жаңалыққа көңіліміз толып отыр. Біздің мектеп барлық санитарлық талаптарға сақадай сай, дайын отырмыз, – деді.
Әлбетте, дәстүрлі мектептердегі осынау оң өзгеріске бәріміз де марқайып қалдық. Алайда аудандық тәрбие орталығының директоры Әлімжан Ержанның өз айтары бар:
– Біздің орталық қосымша білім беру орны болғандықтан, біз онлайн бағатында қалып отырмыз. Бұл балаларға өте қиын болып тұр. Өйткені қол үйірмелері, мұғаліммен тікелей қарым-қатынас жасалу арқылы жүргізіледі. Мәселен, тоқыма үйірмесінде мұғалім онлайн үйреткенімен, оны оқушы тез қабылдай алмайды. Егер оффлайн болса, мұғалім қасында отырып, қолмен ұстап көрсетіп, қате кеткен жерін түсіндіріп, меңгертіп шығарар еді. Біздің мекеме санитарлық талаптарға сай келмей отыр, – дейді.
Біздің түсінгеніміз негізгі басымдық мектеп бітіруші түлектерге беріледі. Өйткені ертең емтихан және Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде 9 және 11 сынып оқушылары берілген тапсырманы нақты орындай алуы тиіс. 1 мен 5 сынып аралығы да осы қатарда. Қалған сыныптар әдеттегіше оқу жүйесімен оқи береді.

Әсел РЗАЕВА
12 қаңтар 2021 ж. 510 0