№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Серпінді даму жолы

Серпінді даму жолы


Президенттің дәстүрлі Жолдауын асыға күтетіннің бірі менмін. Құжаттың басым бағыты экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік бағытқа қатысты болғанымен, білім беру саласына да ерекше екпін берілді.
Коронавирус салдарынан мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Тосыннан келген жағдайға байланысты ұстаздар тез бейімделіп, жауапкершілікті сезініп, қашықтан білім берді. Дегенмен қиындықтар жоқ емес. Мәселен, онлайн білім берудің бірегей жүйесі әлі қалыптасқан жоқ. Мұны сынға алды Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Яғни толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар әдеттегіше сабаққа қатысып, ұстаздар мен сыныптастар ортасында санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алуға көшудің де жолын қарастыру керектігін баса айтты.
Ал білім саласындағы басты мәселе – ұстаздар жалақысына ерекше тоқталып, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдер жалақысы 25 пайызға көбейетінін, алдағы уақытта да арта беретінін мәлімдеді.
Мұндай қолдау ұстаздар қауымын жігерлендіріп, бала оқытуда жауапкершілігін арттыра түседі деген сөз. «Ұстаз мәртебесі» заңы қабылданып, педагогтар қауымы қоғамдық жұмыстан босатылып, беделі арта түсті. Бұл дегеніміз ұлт мұраты жолында келешекке құйылған инвестиция деп қабылдаған жөн...

Есенгелді ЕРЖІГІТОВ,
білім саласының ардагері
---
02 қыркүйек 2020 ж. 647 0