Жаңа оқу жылына дайынбыз ба?
Коронавирус жаһан жұртын бір тарының қауызына сыйдырып жібергенді. Қазір әлем елдері тәжтажалды жеңудің қамына кірісіп, карантиндік талаптарды күшейтіп, вакциналауды қарқынды жүргізуде.
Мұның салқыны білім беру саласына қатты тиді. Біржарым жылға жуық оқушылар қашықтан білім алды. Әрине, қалалық жерде интернеттің жылдамдығы жоғары, қосалқы құралдарды игеріп сапалы білім беруде артықшылықтар көп. Ал, интернет ұстамайтын елді мекендердегі жағдай айтпаса да түсінікті болар.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев талапкерлерге дәстүрлі білім берудің маңызды екенін айтып, Білім және ғылым министріне жаңа оқу жылында сақтық шараларын сақтай отырып офлайн оқытуды тапсырды.
Сонымен, 2021-2022 жылы дәстүрлі форматта білім береді. Елдің негізгі капиталы – адамда, елдің келешегі – білімді жастарда. Осыны терең түсінетін Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кентіндегі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын зерделеді.
Алдымен №169 мектепке барды. Аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов жол бастап, оқу жылына дайындықты баяндады.
– Аудан мектептерінің мұғалімдері 100 пайыз вакцина салды. Барлық білім ордасының кіре берісіне дизинфекциялық туннель, аshyq жобасы және әр сыныпқа антисептик пен кварц шамы қойылды. Биыл бірінші сыныпқа 1695 оқушы қабылданды, – деді Болат Мақсұтұлы.
– №169 мектепте қанша оқушы бар?
– 1379 тәлімгеріміз бар. Оған даярлық сыныбындағы 120 баланы қосу керек.
– Өткен оқу жылын қалай қорытындыладыңыздар?
– Өте жақсы. 49 оқушы бітірсе, соның 41-і ҰБТ-ға қатысты. Оның 28-і мемлекеттік гранттың иесі атанды.
Әкім Руслан Рүстемұлы мен директор Аллаберген Сақымбекұлы осылай пікір алмасты.
Одан кейін аудан басшысы №51 мектепке тоқтап, оқу жылына дайындықты бастаған ұстаздар қауымына:
– Жаңа оқу жылы табысты болсын!
Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, білімді, білікті, рухты шәкіртеріңізбен мақтана беріңіздер, – деп алғауыз тілегін жеткізді.
Аудан басшысы мектепішілік әжетхананы, спорт зал мен асхананы көрді.
Мектеп директоры Женис Ибрагимов:
– 115 мұғалім 965 оқушыға білім береді. 1 сыныпқа 85 бала құжат тапсырды. Оларды 4 сыныпқа бөлеміз. Әр сыныпқа коронавирустан сақтану бұрышы қойылды. Онда вирустан сақтану және алдын алу жолдары жөнінде ақпарат алады. Үзіліс кезінде коронавирустан сақтану және алдын алу, вакцина салдырудың маңызы жөнінде хабарлайтын ведиоролик қойылады. Ғимарат ішінде арақашықты және жүру ережесіне байланысты арнайы жолақ пен лентамен бөлінген, – деді Жеңіс Шамшудинұлы.
Келесі кезекте №3 мектеп-интернатының тыныс-тіршілігімен танысты.
Білім ошағының басшысы Ләззат Нәлібаеваның сөзінше, өткен оқу жылы 28 талапкер түлесе, оның 25-і мемлекеттік гранттың иесі атанды, 3-і әкім грантымен жоғары оқу орнында білім алады.
Бүгінде мектеп-интернатта білім алуға ниетті адамдар саны артып келеді. Оның себебі, мектеп білімді, білікті, талапшыл ұстаздырымен мақтанады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кентіндегі №56, №125, №163, №110 мектепке де арнайы барып, оқу жылына дайындығын және жылыту маусымына әзірлігін тексерді. Бастауыш сынып оқушылары білім алатын сыныптарды аралап, араға төрт жыл салып келген "Әліппенің" мазмұнын дәйектеп, ұстаздарға білім шырағын жағуда сәттілік тіледі.
Ауданның бас ұстазы Болат Ибрагимов білім беру саласына маңыз беріп, арнайы мектептердің тыныс-тіршілігімен танысып, оқушыларға сапалы білім беруді міндеттеген аудан әкімі Руслан Рүстемұлына алғыс білдіріп, талап-үдеден шығуда еңбек ететінін айтты.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ