№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Білім саласына айрықша мән берілуде

Білім саласына айрықша мән берілуде

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың 2020 жылы атқарылған халықшыл бастамалар жөніндегі есебі өте жоғары деңгейде өтті. Сыр өңіріндегі барлық саланың мәселесін қамтып, халықтың ойын дөп басты. Әсіресе, білім беру саласына байланысты айтқан ойлары өміршең екенін пайымдадық.
ХХІ ғасырда жаһанның озық елдері адами капиталды дамытуға басымдық беріп, білім беру саласын жаңа бағытқа бағыттап, жастарға жүйелі, саналы білім берудің жолын іздеуде. Ал карантиндік жағдайда білім беру саласына салмақ түсіп, қашықтан білім беру үрдісі жүруде. Осы ретте, қоғамның кез-келген мүшесі мехнаты ауыр ұстаздық жұмысты сезінді. Биылғы оқу жылынан бастап білім ордаларын жан басы бойынша қаржыландырудың қолға алынуы негізінде қаржыландыру теңдігі мен әділдігі, мектептердің бәсекелесу қабілетінің артуы,  педагогикалық ұжымның нәтижелі жұмысқа ынталануына, мемлекет қаражатын барынша тиімді пайдалануға, мектептердің материалдық оқу базасын нығайтуға кең жол ашты.
Біздің ауданда мектеп құрылысы қарқынды жүруде. Бір ғана мысал, МАИ бекеті аумағында 300 орындық және №169 мектептің 600 орындықты жаңа ғимараты салынуда. Жалпы Жаңақорған ауданындағы білім ордалары заманауи талаптарға жауап береді, әрі материалдық базасы жыл сайын жақсартылып келе жатқанын сезінеміз.
Аймақ басшысының есептік кездесуінде осы бағыттағы кешенді жұмыстарды санаға тоқыдық.

Жеңіс ИБРАГИМОВ,
М.Қаратаев атындағы №51 мектептің директоры.
17 ақпан 2021 ж. 454 0