№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Руханият сақшысы

Руханият сақшысы


Кісі баласын кемел білім мен руханиятқа жетелейтін киелі күш, ол – кітапта. Міне, осы кітаптың қарашаңырағы болып табылатын кітапхана жөнінде көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев атамыз: «Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшысына санаймын» – деп бекер айтпаса керек. Терең білімнің, рухани мәдениеттің ордасы кітапхана ешқашан мәні мен маңыздылығын жойған емес. Осынау қасиетті мекеннің тынысын бойына сіңірген қашан көрсең сыпайы мінезімен ажырамай ортасында сый-құрметке бөленіп жүрген Мейрамкүл Бейбітқызын «Сенбілік сұхбатқа» шақырдық. Ұзын сонар әңгімеден гөрі сұхбаттасымызға нақты 10 сауал тастадық. Он сұраққа он жауап та ойымыздан шықты.

– Сонымен сізге кітапханашы мамандығы несімен қымбат?
– Анам Ибрагимова Гүлзиба кітапханашы болған. «Арман» мәдениет уйінде орналасқан №1 кенттік кітапханада талай жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан. Кішкентайымнан кітапқа құмар болдым. Анама еріп барып қызықты кітаптар алып оқып, анамның оқырмандарға қызметіне сүйсіне қарап отыратынмын. Бала болсам да кітапханаға кіріп келгендегі аура, кітаптың өзіне тән иісі еріксіз баурап алатын. Мектеп бітіргеннен кейін Жетісайдағы педагогикалық колледжге оқуға тусіп, кітапханашы мамандығын алып шыктым.
– Отбасында қандай жар, қандай келін және қандай анасыз?
– Аллаға шүкір, өте керемет әулетке келін болып түстім. Өз жұртым Жиенбаевтар да, келін болып түскен Әшірбаевтар да көп балалы, өсіп өнген әулет. Алтындай абысындарым, артымнан ерген жақұттай жарқыраған келіндерім бар. Отбасымда бақытты жар, ақылды келін, 2 ұл мен 1 қыздың аяулы анасымын.
– «Бақыт» дегенді әркім әрқалай түсінеді. Сіздіңше бақыт деген не?
– «Бақыт» деген ең алдымен отбасыңның амандығы. Мен өзімді бақыттымын деп есептеймін әкем, анам,бауырларым бар, атам мен енем, жолдасым, бала-шағам жанымда.
– Осы уақытқа дейін қанша кітап оқыдыңыз?
– Кітапханаға жаңадан келген қызықты көркем  әдебиеттерді оқуға тырысамын.  Көп адамдар қолдарың бос,  кітап оқып отыратын шығарсыңдар деп айтады. Шын мәнінде кітапханашының жұмысы инемен құдық қазғандай көзге көрінбейтін жұмыс. Іс-қағаздар, іс-шаралар, оқырмандарға қызмет көрсету  арасында кітап оқуға үлгеруге тырысамын.  Себебі, келген оқырманға кітап ұсынбас бұрын ол кітаптың не туралы екендігін өзіміз біліп тұруымыз керек.
Қазірде жұмыстың барлығы электрондық үлгіге көшті. Жаңа технологияны терең меңгеруге тырысып келемін
– Сүйіп істейтін жұмысыңыз?
– Әрине өзімнің мамандығым. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажет, абыройлы мамандығы сыры ғажайып иелері. Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Жаңалыққа толы сәттер, яғни жаңа келген газет, журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар, оқытушылар, қызметкерлер легі толастамайды. Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Және отбасыма түрлі тәттілер пісіруді жаксы көремін.
– Жұрт біле бермейтін қандай қырыңыз бар?
– Тігін машинасымен киім тігіп, корпеше, құрақ құрай аламын. Ол енді барлық әйел адамның қолынан нәрсе. Бірақ көбісі ондай өнерім бар екенін біле бермейді.
– Кімді үлгі тұтасыз?
– Ата-анамды. Олар қашанда маған қолдау көрсеткен ардақты жандар. Көп адам анаңа қатты ұқсайсың десе жаман адам емес екенмін деп қуанып қаламын. Анамның бойынан қашанда кішіпейілдікті, өзінен бұрын өзгенің жайына алаңдап, қолынан келсе бір жақсылық жасағысы келіп тұратын қамқорлықты көремін. 
– Соңғы оқыған кітабыңыз?
– Жазушы Тұрысбек Сәукетаевтың "Желқайық" кітабы. Мені романның жалпы құрылымы ерекше қызықтырды. Сіз бұл романды соңы­нан басына қарай парақтап, бел ортасынан кері бұрылып, тіпті, әр тарауды, әр тараудағы бөлімдерді жеке-жеке жіліктеп те оқи аласыз. Жаңашыл автор ойлы оқырманның уақытын, талғамын, зердесін – бәрін-бәрін ескеріп отырған. Тағы бір кереметі, оқырман романның ортан белінен түссін, мейлі соңынан кері қарай жүрсін, 600 бетке жуық көлемді дүниені тұтас оқуға мәжбүр болады. Бұл кітап биылғы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай насихатталатын 30 кітаптың тізіміне енген кітап. Алып оқып көріңіздер.
– Ұл-қызымызға кітапты қалай насихаттауға болады?
– Ата-ана өзі кітап оқуы керек. Бұл әдет балаларына да жұғады.
– Маған қай кітапты бүгінгі күннің бренд туындысы ретінде ұсынар едіңіз?
– Т.Нұрмағанбетовтың «Өлім періштесі» кітабын айтар едім. Бүгінгінің классик жазушысы осы романымен Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықты алғанын жақсы білеміз. Бұл туындының ішкі ирімі сондай тартымды, оқи бергін келеді.
– Кітап оқитын адамды қалай ажыратуға болады?
– Кітап оқитын жанның ақылы жанарында тұрады. Олар өмірде жайлы, жүйкең де тыныш. Сондықтан олардың қатары көбейе берсе екен деп тілеймін.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан
Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
21 тамыз 2021 ж. 482 0