№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » «КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ

«КОВОРКИНГ» – КІТАП ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ


«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деп Әбіш Кекілбаев руаханият ордасының бағасын берген еді. Иә, дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға адамзаттың жылнамасын жеткізіп, парасаттылық пен білімділіктің ордасына айналған кітапханалар руханияттың ордасы. Алайда, сананы компьютер билеген заманда кітапқұмар жастар сиреп барады. Сондықтан, жас ұрпақты кітап оқуға баулып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру басты мәселесіне айналды.

Осы ретте, Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең жастарды кітап оқуға ынталандыратын бастамалар қолға алынуда. Соның бірі – «Коворкинг» орталықтарын құру. Балғындардың кітапқа қызығушылығын кемел­дендіретін орталық жуырда аудандық орталық кітапханада ашылды.
Ағылшын тілінен аударғанда «бірге жұмыс істеу» деген мағына беретін коворкинг-орталықтар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қо­лай­лы алаң деуге болады. Баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік бере­тін коммуникативтік орталықта дос­тар­ымен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шаралар, мерекелік кештер, шығармашылық кездесулер, зияткерлік ойындар және т.б. шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік мол. Сондай-ақ, кітапхана ресурстарын пайдаланып, білім алуға болады. Бір сөзбен айтқанда, кітапхана зияткерлік демалыс орда­сына айналады.
Орталық кітапхананың балалар бөлімінде оқушыларға арналған орталық салтанатты түрде ашылды. Кітапхана директоры Әсем Тілеу­бергенова алдымен орталықтың маңыздылығына, балаларға берер мәні мен мазмұнын түсіндірді. Алғы сөзді Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапхана директорының орынбасары Бақытнұр Мырзахметова алды.
– Бәсекеге қабылетті ұлт қалыптастыруда жастардың білімді, білікті болғаны маңызды. Ендеше, жастарды кітап оқуға тәрбиелеуді қолға алып, бүгінгідей коворкинг орталықтарды кітапханаларда көптеп ашуды мақсат тұттық. Қазір облыс бойынша 11 кітапханада коворкинг орталығы бар, – деген Бақытнұр Тәңірбергенқызы кітапхана ұжымына алғысын жеткізіп, кітапхана саласында ұзақ жылдар аыбройлы қызмет етіп, зейнетке шыққан Қалдыгүл Асанқызының кеудесіне сала ардагері төс белгісін тақты.
Ал, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова бұл орталықтың ашылуында ауқымды жұмыстар атқарылғанын, оған кітапханашылар белсенді қатысқанын айтты.
Одан кейін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы және гендерлік саясат жөніндегі кеңесшісі Әзия Қыстаубаева, қарымды қаламгер Пахмадин Айнақожаев және төл басылымның бас редакторы Нұрлат Байгенже кітап оқудың артықшылықтарын айтып, орталықтың балалар білімін шыңдайтын орталыққа айналуына тілектестік білдірді. Одан кейін «Білім кілті – кітапханада» атты балалармен интелектуалдық шоу көрсетілді.
№163 орта мектебінің 4-сынып оқуышылары ойын арқылы өздерінің білімдерін шыңдады. Ойын шарты бойынша оқушылар үш бөлім бойынша сайысқа түсті. Алдымен мақал-мәтелдің жалғасын тапса, сосын ертегі кейіпкерін суреттеу арқылы оның образын ашты. Ал, соңғы бөлім – «алтын көпір» деп аталды. Көпірден өту үшін оқушылар қазақтың салт-дәстүр, жөн-жоралғыларын білуі шарт. Интелектуалды ойын арқылы оқушылардың білімі таразыланды.
Қазір заманға сай барлық кітаптар цифрлы форматқа көшірілуде. Автоматтандырылған жүйе іске қосылды. Электронды каталогтың тиім­ділігін сезіне бастады. Орталықтың ашылу салтанатын қара шаңырақта 40 жыл еңбек еткен Тұрсынай апай қорытты.

Әли ТЕМІРБЕК.

09 ақпан 2019 ж. 2 518 0