№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Адырбек Сопыбековтың шығармашылығын дәріптеу керек

Адырбек Сопыбековтың шығармашылығын дәріптеу керек


Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов  сейсенбілік сапары аудандық кітапханада жалғасты. Бас кітапханашы Әсемгүл Тілеубергенова құтхананың тынысымен таныстырды.
– Кітапхананы заманауи білім беру орталықтарына айналдыру, жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 2018 жылдың желтоқсан айында аудандық балалар кітапханасында коворкинг орталығы ашылды.
Кітапхана интернеттің көмегімен тәулік бойы жұртшылыққа ақпараттық қызмет түрлері мен мәліметтерді жаңалықтар мен жоспарланған іс–шаралар тізбесін ұсынатын кітапхана zhanakorganlib.kz жұмыс істейді. Сайттан «Кітапхана тарихы», «Кітапхана жаңалықтары», «Мақалалар», «Электронды каталог», «Белсенді оқырмандар», «Клубтар жұмысы» т.б. табуға болады, – деді Әсемгүл Манапқызы.
Аудан басшысы кітапхананың әрбір бөлімін аралап шығып:
– Балалар кітапханасының бір бұрышына ақын Адырбек Сопыбековтың еңбектерін, өмірбаянын, жазушы-ақындардың ол жайлы пікірлерін қою керек. Өзіміздің классик ақынымызды дәріптеуіміз тиіспіз. Сондай-ақ 22 қазанда классик жазушы Тынымбай Нұрмағамбетов 75 жасқа толады. Оның да еңбектерін насихаттап, онлайн шаралар ұйымдастыру керек, – деп тапсырма берді.
Кітапханашы Тынымбай Нұрмағамбетов, Жолтай Әлмашұлы және т.б жазушының кітаптарын мемлекеттік тапсырыспен алу керектігін атады. Әкім мұны қолдап, 2021 жылдың бюджетіне өтінім беру керектігін айтты.
06 қазан 2020 ж. 583 0