№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Тәуелсіздік – тәу етер құндылық

Тәуелсіздік – тәу етер құндылық


Жұдырықтай жұмылған жеті ауылдық клуб үйі ұжымы Жаңарықта «Тәуелсіздік – тәу етер қасиетке ие» атты салтанатты шара өткізді. Аталмыш шара Байкенже және Әбдіғаппар ауылы клубтарының ұсынған көрмесінен басталды. Одан бөлек, «Арман» кенттік мәдениет үйі кұммен сурет салу өнерін көрсетсе, Машбек ауылдық клубының домбырашылар ансамблі Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйін орындады.


Әрі қарай өнерлі жастар ақындық жыр-толғауларын арнап, әуезді әндер айтып, термелер орындады. Сөйтіп, еліміздің басты мерекесі – Тәуел­сіздігіміздің 30 жылдық мерейтойының ашылу салтанаты өз мәресіне жетті.
Шара соңында ауыл ақсақалы Әбдіқалықов Орынбасар Арман кенттік мәдениет үйінің және Кейден, Машбек, Өзгент, Жаңарық, Байкенже, Әбдіғаппар клуб кәсіпорындарының қызметкерлерiне өз алғасын бiлдipдi.
– Тәуелсіздік. Бұл сөздің мән-маңызы терең екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Тыныш, бейбіт өмірден асқан бақыт та, байлық та жоқ. Мұндай елдің азаматтарының әрдайым мерейі үстем болмақ. «Қуана білмегенге құт қонбас, бағалай білмегенге бақ қонбас» дейді халқымыз. Ендігі кезекте осынау мамыражай, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған уақытты бағалай білсек деген ой да көкейімізде тұратыны заңдылық. Біздің еліміздің азаматтары қоғамның барлық саласында табысты еңбек етіп жүр. Мұның бәрі, әрине, егемендіктің арқасында жүзеге асып отырғаны сөзсіз.

Гүлзина Беделбекова
18 тамыз 2021 ж. 592 0