№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТЕДІ?

ТОҚСАН ЖЫЛДЫҚ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТЕДІ?


Бұл сұрақтың жауабын аудан әкімі Ғалым Әміреев төрағалық еткен аудан активінің отырысында білдік.
Академик Мырзатай Жолдасбеков «Ұлттық сананы қалыптастыру үшін Ұлы Дала тарихын ұрпақ санасында тірілту қажет», деп ой толғапты. Расында, тарихты таразылап, өткенінен сабақ алмаған ел табысқа жете алмайды. Жаңақорған ауданының 90 жылдығын осындай өлшеммен өлшегенде ғана мәнді болмақ. Жиынға келген сала басшылары мен ауылдық округ әкімдері, елағалары осыны ортаға салды.
Алдымен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова мінбеге шығып, жоспарымен бөлісті.
– Биыл Жаңақорған ауданының мерейтойымен қатар айтыстың ақтангері Манап Көкеновтің 90 жылдығын аталып өтеді. 5-6 қазанда 20-дан астам рухани-мәдени шара жүреді. 19 қыркүйек – 10 қарашаға дейін ауылдық окруктерде 30-дан астам шара өтеді, – деді бөлім басшысы.
Енді рухани-мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуіне жауапты басшының жоспарын тарқата айтсақ.
5-қазанда мерейтойдың алғашқы шарасы ауданның оңтүстік қақпасы Сунақата ауылдық округінен бастау алады. «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думан арқылы Қыпшақ мемлекетінің саяси орталығы, Ақ Орданың астанасы, Қазақ хандығының орталығы болған Сығанақ шаһарының тарихи маңызы түсіндіріледі екен. Одан кейін Манап Көкеновтің рухына Құран бағыштау мақсатында ақынның зиратына барады. Әрі алқалы топ ауылдық округте мешіттің ашылу салтанатына қатысады. Делегаттар Манап ауылдық клуб үйінде ақынға арналған мұражаймен танысады. Шара аясында «Манап салған ізбенен» атты этно-көрме өткізіледі.
Түс ауа Жаңақорған кентінде мазмұнды шаралар жалғасын табады. Атап айтқанда, М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінің алдында ақынның бюсті ашылады. Сосын жаңақорғандықтар «Суреттер сыр шертеді» атты фото және «Жаңақорған жайсаңдары» атты кітап көрмесімен таныса алады. Көрмеде ауданның 90 жылдық тарихын айғақтайтын құнды естеліктер, фотошежірелер қойылады.
Кешке аудандық орталық алаңда эстрада жұлдыздары және ауданның өнер майталмандары қатысуымен гала-концерт өтеді. Ал, кіші залда ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Ұлмекен Мауытованың «Тартуым саған, таған ел» атты сурет галлереясы қойылады.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының 90 жылдығына арналған «Өткені өшпес мұра, келешегі кемел – Жаңақорған» атты салтанатты шара шымылдығын ашады. Аудан тұрғындары мен қонақтары мәдениет үйінде өтетін республикалық Ретро-айтысты тамашалай алады.
6-қазан сағат 10.00-11.00-де «Арман» кенттік мәдениет үйінде «Туған жерді түлеткен тұлғалар» тақырыбында ауданнан шыққан мемлекет және қоғам қайраткерлерімен кездесу болады. Осы шара барасында тұрғындар тұлғаларға сұрақ қойып, естелік суретке түсе алады. Ал, «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында облыс жастары көшбасшыларының қатысуымен форум өтеді.
Түстен кейін Қожакент ауылдық округінде Социалистік Еңбек Ері, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтың 95 жылдығына арналған «Тарих. Тұлға. Қожакент» атты ғылыми-танымдық конференциямен түйінделеді.
Сондай-ақ, Ақүйік, Кейден ауылдық округінде, ақын Файзулла Сахиевтің 70 жасқа толуына орай поэзия кеші, Қыркеңсе, Сүттіқұдық, Қаратөбе ауылдық округінде «Туған өлкем – Жаңақорған» атты әдеби жыр кеші көпшіліктің көңілінен шығатыны сөзсіз. Төменарық ауылдық округінде «Туған өлке тарихын білесің бе?» атты интеллектуалды ойын жастардың таным көкжиегін кеңейте түседі. Сондай-ақ, Шалқия мен Бесарықта дөңгелек үстел форматында ауданның кешегісі мен бүгіні сараланса, Екпінді, Қожамберді, Талап, Жайылма, Байкенже, Жаңарық, Қандөз, Аққорған, Келінтөбе, Көктөбе ауылдық округінде әдеби-сазды кештер өтеді.
Жалпы, тоқсан жылдық жоғары деңгейде тойлануға дайындықтар пысықталды...

Мақпал ПАТЕНОВА.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 195 2

Гость Jeahulalf от 16 ақпан 2019 03:05
Viagra Kaufen Europa Kamagra Eriacta Tablets cialis from canada Levitra Tablet Order Cipro 500 Mg Tablets Cialis Mal De Tete

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 04:00
Dove Comprare Cialis Where To Buy Azithromycin In Canada buy viagra Levitra Prices