№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҮШ ТІЛДІ ҮЙРЕНГЕН БАЛА

ҮШ ТІЛДІ ҮЙРЕНГЕН БАЛА


«Елімізде балабақша бүлдіршіндеріне ағылшын және орыс тілі пәндері оқытылатын болады» дегенді естігенде көпшілік көкейінде «буыны қатпаған бала қалай тіл игереді?» деген күмән болғаны анық. Бүгінде сол күмәннің бұлты сейіле бастағандай. Былдырлаған бала тілімен шетел тілінде саулық сұрасқан балақайларды көріп, үш тілді саясаттың тиімді жүргізіліп жатқанын байқаймыз. Мұның бір көрінісін аудандағы мемлекеттік балабақшалардағы тәрбиеленушілердің үш тілде тіл сындырып жатқанынан аңғару қиын емес. Талантты балалардың қатарындағы №2 «Ұлан» балабақшасында бес жастағы Інжу Бақытжанқызының ерекше қабілеті көпшілік назарына ілікті.
Ғалымдардың айтуынша, 3-5 жастағы баланың есте сақтау қабілеті мен бейімділігі өте жоғары келеді екен. Осы жаста балаға өлең, таппақ, ертегі жаттатқызсаң, өмірінің соңына дейін есте сақтайтын көрінеді. Осы жәйттен кейін, ерте жастан үш тілді оқыту қиын еместігін түсінесіз.
Ағылшын, орыс, қазақ тілінде еркін сөйлеуді игере бастаған қыздың зейіні ерек. Кіп-кішкентай ару «Балбөбек» тобының белсендісі. Тобын алға жетелеп, балабақша арасындағы сайыста бәсі биік екенін аңғартып жүр. Оның қабілетін сөз еткен тәрбиешісі Анар Жұманазарова: «Інжу өзге балаларға қарағанда есте сақтау қабілеті, ой ұшқырлығы, зейіні жоғары. Кез-келген тапсырманы орындап, таппақтарды тез жаттап алады. Ағылшынша, орысша 100-ге дейін санап, өзі туралы, отбасы туралы үш тілде еркін айта алады. Оның соңғы уақытта тіл меңгеруге деген ерекше қызығушылығы арта түсті. Өзі ізденіп, ағылшынша білімін жетілдіретін құралдармен тіл білімін арттырып жүр», – деді.
Бүлдіршін педагогтар отбасында тәрбиеленіп жатқандықтан отбасы мүшелерінің тіл игеруге ықпалы зор. Оның әкесі Бақытжан Әбдірәйімов жоғары білімді қызметкер. Ал, әжесі Ләззат Әбдірәйімова мен анасы Мейірбану Әбужүсіпова мектепте математика мұғалімі. Сондықтан, баланың тіл білуге талпынысын құптайтын жанашыр жандары қасында. Көбіне, әжесі немересінің ағылшынша тіл сындыруы үшін тақпақтар мен өлеңдер жаттатқызады. Әжесінің қамқорлығына бөленген бүлдіршін мерекелік кештерде қазақ, орыс және ағылшын тілінде өнер көрсетеді екен. Әжесі Ләззат Әбдірәйімова: «Елбасы үш тілді меңгеруді заман талабы екенін айтты. Осы тұрғыда немеремнің биік белестерді бағындырып, үлкен азамат болуы үшін үш тілді үйретуге күш саламын. Бала болашағы үшін тәлімді тәрбие беріп отырған №2 «Ұлан» балабақшасының басшысы Перизат Тлеубековаға ата-аналар атынан ризашылық білдіремін», – деді.
Үш тілде үйреніп жүрген жас балапанның қадамын құптап, болашағы жарқын болуын тіледік.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
13 ақпан 2018 ж. 1 755 0