Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылорда облысы әкімінің 150 оқу гранты бөлінді

Қызылорда облысы әкімінің 150 оқу гранты бөлінді

Қызылордада көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан білімге құштар балаларға облыс әкімінің 150 оқу гранты бөлінді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«Биыл аймақ басшысының қолдауымен бюджеттен 150 грант бөлінді. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне -70, Дәстүрлі өнер институтына-15, «Болашақ» университетіне -20, Қазақ ұлттық аграрлық университетіне-10, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне -30 грант. Бөлінген гранттар бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде техникалық, ауыл шаруашылығы, білім, беру, өнер, әскери іс және қауіпсіздік , қызмет көрсету, ветеринария, медицина салаларының мамандары даярланатын болады», – деді Наурызбай Сейтқалиұлы.Брифингте Наурызбай Сейтқалиұлы аймақ басшысының гранты жастардың сапалы білім алуына жол ашатынын, олардың болашақта өңір дамуына өз үлестерін қосуға үлкен мүмкіндік екенін айтты.
13 тамыз 2020 ж. 1 289 0