№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДОСТЫҚ – ЫНТЫМАҚ КЕПІЛІ

ДОСТЫҚ – ЫНТЫМАҚ КЕПІЛІ

Бүгін халықаралық Достық күні. Тату тірлік пен берекелі бірлікті көздеген егемен еліміз 130-дан астам тағдырлас этнос өкілдерін бір шаңыраққа сидырып, бір тудың астына біріктіре алды. Отандастырымыздың жарқын пейілі мен ақ көңілінің арқасында ұлттың бірлігі, тұтастығы қалыптасты. Өңірлік коммуникациялық қызметінің ақпарат алаңында облыстық шешен-ингуш этномәдени бірлестігі жетекшісінің орынбасары, Аналар кеңесінің мүшесі Лайла Пашаева бүгінгі мерекенің маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асуын сөз етті.

Өз сөзінде Лайла Пашаева «Достық қасиетті ұғым. Біздегі халықтың ынтымағы мен бірлігі мен үшін ерекше қымбат. Сыр өңіріндегі татулықты ту еткен Достық үйіміз біз үшін киелі шаңырақ. Осы шаңырақтың астында түрлі ұлт пен ұлыс ұйысып, бүгінде ұлтаралық татулықтың үлгісін паш етіп отыр. Осы орайда еске оралатыны, 1944 жылдың 23 ақпанында қыстың суық күнінде шешен халқының жер аударылуы басталды. Менің ата-анам солардың қатарында болды. 1941 жылы әкемнің әкесі әскерге алынды, онда ол хабар-ошарсыз кетті. Ал анасы сегіз баласы бар, бәрімен бірге пулемет астына, машиналарға, содан кейін мал тасымалдайтын және туған жерлерінен шалғайға айдалды. Қазақ тілін де, орыс тілін де білмеу біздің халқымызға қиын болды, шешендер баяу жергілікті халықтың өміріне еніп кетті. Қонақжай қазақ халқы шешендерге көмек қолын созды. Сол үшін мен барша қазақ халқының алдында басымды иемін. Шешенстанда «егер сіз қазақты кездестірсеңіз, онда сіз бауырыңызды жолықтырдыңыз» дейді. Мен бүкіл әлемде бейбітшілік болғанын қалаймын, біздің ата-бабаларымыз азап шеккендей бірде-бір халық зардап шекпесін деген тілек білдіремін», - деді.
01 тамыз 2021 ж. 463 0