№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ынтымағы артқан ел озар

Ынтымағы артқан ел озар



«Татулық – табылмас бақыт». «Ырыс алды – ынтымақ». «Тілегі бірдің жүрегі бір».  «Береке бастауы бірлік, ел іші тату  тірлік». «Бірлік болмай тірлік болмас». Қазақы қасиеті сақталған дана халқымыз өткенге ұлағат етіп осындай өрелі ойға толы өрімді сөздерді қалдыра білді. Бабалар салған сара жолды жалғап, бейбіт өмірді бақытқа балаған бүгінгі ұрпақтар ашық аспан астында 130 дан астам ұлт өкілімен тіршілік кешуде. Түтіні тузу түтеген өзге ұлттың балалары да өз бауырымыздай жақын, туғанымыздай тату болып кетті. Мұның бәрі «Халықтар достығы» деген ұлы қасиет пен жүрегі кең дархандығымыздың нышаны деп білеміз. Олай болса, татулығымен табысқан, махаббат пен мейірімнің, достық пен даналықтың, бауырмалдылық пен бейбіт күннің басты мерекесі «1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні» баршаға құт болсын! Асқақ елдің аты аспанға шарықтап, егемендік туы қалықтап, ынтымағымыз арта берсін!
01 мамыр 2019 ж. 1 805 0