Токио таңғалдыруды тоқтатпа!
Сенесіздер ме, Токио Олимпиадасы бізді таңғалдыруда. Олай дейтініміз Фиджи деген шағын мемлекет Олимп шыңына көтерілді.
Фиджи деген туристерге жайлы ел бар.
1642 жылы недерланд саяхатшысы А.Тасман архипелагтан құрылған Фиджи аралдарын ашады. Содан бастап мигранттар ағылып, аралды игере бастайды. 1871 жылы шағын корольдікті басқару бағы Такомбауға бұйырғанымен көп ұзамай, Ангия колониясына (1874 жылы) айналады.
1970 жылы Тәуелсіздігін алады. Дегенмен Англияға бағынышты ел ретінде қала берді. Өйткені Фиджидің тұтастығына ағылшын билігі жауап берсе, округті тағайындалатын генерал-губернатор басқарды. 1997 жылы зайырлы елге жақындата түскен конституциясы қабылданады. 2000 жылы Лайсениа Карасе ел үкіметін басқаруды бастайды. 2007 жылғы санақ бойынша 837 мың халық тұрады.
Міне, осындай шағын елдің регби командасы
Олимпиада
чемпионы болды. Сенесіз бе? Олар чемпиондық жолға дейін Жапонияны (24:19), Канада (28:14), Англияны (33:7), Австралияны (19:0), Аргентинаны (26:14) ірі есепте ұтты.
Жаңа Зеландиямен өткен ақтық сын өте тартысты өрбіді.
Финалдық ойын өз мәресіне жеткенде тоблодағы есеп 27:12 көрсетті. Бұл – Олимпиада тарихындағы Фиджинің ең ірі жеңісі.
Туристер болмаса осы күнге дейін Фиджи деген елдің бар екенін білдік пе? Өз басым географиядан хабарым болғанымен, естіпеппін. Токио бізге Фиджиді таныстырды әрі таңғалдырды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ