№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ең жас Олимпиада чемпиондары жайлы не білесіз?

Ең жас Олимпиада чемпиондары жайлы не білесіз?

Токио Олимпиадасы таңғажайып оқиғамен толыға түсті. 13 жастағы (13 жас 330 күн) жапондық скейтбордист Момидзи Нисия Олимп шыңына шықты.

Рекорд американдық спортшы Марджори Гестрингке тиісілі.
Ол 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында 3 метр трамплин секіруден үздік болған-ды. 13 жас 268 күнге толған Марджоридің рекорды 85 жылдан бері бұзылмай келеді.
Ал, ерлер арасында Олимпиада ойындарын Клаус Зерта 13 жас 283 күнінде бағындырды. 1960 жылы Римде өткен төртжылдықтың басты бәсекесінде ең жас чемпион неміс спортшысы болады.
Бес дүркін Олимпиада чемпионы (1976, 1980) Надя Команечи (Румыния) де алғашқы алтын медалін 14 жасында мойнына таққан екен. Ол Монреаль Олимпиадасынан үш алтын, бір күміс және қола медаль әкеліп, ұлт қаһарманы ретінде дәріптеледі, әрі мектептегі оқуын жалғастырады. 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында екі алтын және күміс медальды қанағат тұтады.
Ескерте кететіні, 13-14 жастағылар 9-10 сыныпта оқиды. Яғни вундеркинд балалар ересектерге бәсеке тудырып, үлкен жетістіктерге жетуде.
Біздің Бекзат Саттарханов 20 жасында Сидней төрінде атой салып, Олимп шыңына шығып, алаш жұртын қуантқаны әлі есімізде.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
27 шілде 2021 ж. 660 0