ЗЕЛАНДИЯ НЕГЕ ЖАҢА ДЕП АТАЛДЫ?
Жаңа Зеландияның аты Нидерланд Патшалығының Zeeland провинциясымен байланысты. XVII ғасырда зерттеуші Абель Тасман бастаған Нидерланд кемелері қазір Жаңа Зеландия орналасқан Оңтүстік Аралға жетті. Белгісіз аралды картографтар Zeeland (теңіз елі) деп белгілеп қояды. Кейін шатаспас үшін қасына nieuw сөзін қосады. Осылайша Nieuw Zeland пайда болды.
100 жыл бойы бұл мекен ешкімді қызықтырмады. Тек 1769 жылы британ саяхатшысы Джеймс Кук Оңтүстік аралға сапар шегіп, аса мұқият зерттеп, аралдың периметрін анықтайды. Көбі бұл еңбекті ескеріп, Жаңа Зеландияны Тасман емес, Джеймс Кук ашқан деп сендіреді. Айтпақшы, аралды зерттеп қана қоймай, оған қазіргі ағылшын нұсқасындағы "New Zealand" атауын берген дәл осы Кук еді. Бұл Америка құрлығына қатысты Америго Веспучи мен Кристофор Колумбтың жағдайларына ұқсас.
Архипелагтың маори деген байырғы тұрғындары өз мекендерін Aotearoa деп атаған. Аотеароа "ұзын аппақ бұлттардың елі" деген мағынаны білдіреді екен. Кей аңыздарда айтылғандай Аотеароа – бұл аралға шеттен алғаш келген адамның қайығы. Қазір Жаңа Зеландияда маори – ресми үш тілдің бірі. Тіпті ұлттық гимннің бірінші шумағы осы тілде айтылады.
Ал Аотеароа атауы ел аузынан түспей келеді. Оның келешекте елдің ресми аты болуы ықтимал, ал Жаңа Зеландия зерттеуші-саяхатшылардың құрметіне тарихтың бір бетінде сақталмақ.