№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бермудқа алтын бұйырды. Бізге ше?

Бермудқа алтын бұйырды. Бізге ше?

Біздің Жаңақорған ауданында 85 мыңға жуық халық тұрады. Шүкір, біздің еркін күрес шеберлері Пекин, Лондон, Рио-де-Жанейро, Токио Олимпиадасына қатысуда. Мұнымен біз мақтанамыз.
Ал, Атлант мұхитында 181 кіші аралдан құрылған Бермуд аралдары елінің өкілі Токио Олимпиадасының чемпионы атанды десем сенесіздер ме? Иә, 63 мыңға жетер-жетпес халқы бар елден Олимпиада үздігі шықты.
Триатлон бойынша сынға түскен Флора Даффи өз елінде тұңғыш рет Олимпиада алтынын алған спортшы ретінде тарихқа енеді.
Олимпиадалық триатлон спортында 1,5 шақырымға жүзу, 40 шақымға велосипедпен жүру, 10 шақырымға жүгіруден тұрады. Даффи триатлон қашықтығын 1 сағат 55 минут 36 секундта бағындырып, алтыннан алқа тақты. Екінші орында анлгиялық Джорджия Тейлор-Браун, үшінші орынды америкалық Кэти Зафереске бұйырды.
Айта кететіні, Бермуд аралдары елінде бұған дейін тек 1976 жылы Монреаль Олимпиадасында бокстан қола медаль бұйырған-ды.
Достар, естеріңізде болар, 2004 жылы Афина Олимпиадасының соңғы күні Бақтияр Артаев алтын әперген-ді. Сол сәтте теледидарға кіріп кете жаздап, ішімізбен дем алып отырған едік ғой! Әрине, Токиода біздің спортшылар жерге қаратпайтынына сенеміз.
Алға қазақстандық спортшылар!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
27 шілде 2021 ж. 889 0