№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер

Әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер


Әлемнің географиялық картасында 250-ге жуық мемлекет бар. Солардың 193-і БҰҰ-на мүше болған. 250 мемлекеттің ішінде өзіндік орны бар, құдіреттілері жетерлік. Олар жер аумағы, халық саны жағынан да өте ірі ел саналады. Ірі мемлекеттер арасында халық саны бойынша да, белгіленген шекарасы да өте кішкентай мемлекеттер бар. Олар сол кішкентайлығына қарамай әлемде маңызды роль ойнайды. Солардың қатарына Ватиканды қосуға болады. Бүгін біз сіздерге әлемдегі ең кішкентай мемлекеттер туралы айтамыз.

 Гренада мемлекеті
Кариб теңізінде орналасқан Гренада мемлекетінің аумағы 344 шаршы шақырым, астанасы – Сент-Джорджес. Мемлекеттегі халық саны шамамен 89 502. Гренада конституциялық монархиялық ел. Бұл мемлекетті алғаш рет ХІV ғасырда Колумб ашқан. Елде қазіргі уақытта жер шаруашылығына көп көңіл бөлінеді. Негізінен банан, цитрус жемістер, жаңғақ өсіріліп басқа мемлекеттерге экспортталады.
 Мальдив Республикасы
 Мальдив Республикасы немесе Мальдив аралдары – Оңтүстік Азиядағы осы аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 298 шаршы шақырым. Халқы – 393 мың. Ұлттық құрамына үнділер, синалездер мен арабтар енеді. Астанасы – Мале қаласы. Ресми тілі – мальдив (дивехи). Негізгі діні – сүннит бағытындағы ислам. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (меджлис). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні, 26 шілде. Ақша бірлігі – мальдив руфиясы. Мальдив аралдары жөніндегі алғашқы жазба деректер ХVІ ғасырдан басталады. Арал халқының негізін қалаған Үндістан мен Цейлоннан (Шри Ланка) шыққан ария тайпалары болды. Олар аралдарды Х ғасырдан бастап мекендеді. Елге ХІІ ғасырдан бастап ислам діні ене бастады. ХІІ ғасырдан ХХ ғасырдың 2-жартысына дейін (1968) аралдарды Диди әулетінен шыққан мұсылман сұлтандары басқарды. 1558 жылы Мальдив Республикасының жерін португалдар басып алды, бірақ 1573 жылы жергілікті халық оларды ығыстырып шығарды. ХVІІ ғасырдың 2-жартысында Мальдив сұлтандығы Цейлондағы голланд билеушілерінің қол астында болды. 1796 жылы Мальдив аралдары Ұлыбританияның ықпалына көшіп, 1887 жылы Британия протекторатына айналды. 1965 жылы 26 шілдеде Мальдив аралдарының толыққанды тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылды. Бұл күн Мальдив Республикасының ұлттық мейрамына айналды. 1968 жылы 11 қарашадағы референдум нәтижесінде Мальдив Республикасы болып жарияланды. Қазіргі күнде 1100 аралдан тұратын мемлекетте әлемдегі ең жақсы курорттар бар. Жергілікті тұрғындар негізінен курортқа келген туристерге қызмет ету арқылы ақша табады.
Сент-Киттс және Невис Федерациясы
 Сент-Киттс және Невис Федерациясы (Сент-Кристофер және Невис Федерациясы) – Кариб бассейніндегі Сент-Киттс және Невис аралдарында орналасқан мемлекет. Мемлекет аумағы – 261 шаршы шақырым. Халқының саны – 50 мың адамды құрайды (2010). Елордасы Сент-Китс аралында орналасқан Бастер қаласы. Сент-Киттс және Невис мемлекеті батыс жартышарындағы аумағы бойынша да, халқының саны бойынша да ең кіші мемлекет есептеледі. Ресми тілі – ағылшын тілі. Тұрғындары негізінен протестанттар. Сент-Китс және Невис – конституциялық монархиялық ел, Ұлыбритания достастығына кіреді. Мемлекет басшысы – Ұлыбритания монархы тағайындайтын генерал-губернатор. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғары заң шығарушы органы – Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент). Ұлттық мейрамы – Ұлт күні, 19 қыркүйек (1983). Ақша бірлігі – шығыс кариб доллары. Сент-Китс және Невис БҰҰ-ның (1983), Америка мемлекеттері ұйымының (1984) мүшесі. Жалпы ішкі өнімнің 70 пайызын туристерден түскен қаржы құрайды.
Маршалл Аралдары Республикасы
Маршалл Аралдары Республикасы – Тынық мұхитының батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер аумағы 181 шаршы шақырым. Халқы 68 мың (2000). Халқының көпшілігі микронез нәсілдік түрге жататын маршалдықтар. Ресми тілі – ағылшын. Діні – христиан-протестант. Астанасы – Маджуро қаласы. М.А.Р. – президенттік республика. Ұлттық мейрамы – Конституция күні, 1 мамыр (1979). Ақша бірлігі – АҚШ доллары. Адамдар бұдан 5-6 мың жылдай уақыт бұрын осы аралдар аумағын қоныстанған. Ежелгі тарихы жөнінде деректер мардымсыз. Маршалл аралдарын 1526 жылы испаниялық М.Сааведра ашты. Бірақ 1788 жылы аралдарды жан-жақты зерттеген ағылшын капитаны Дж.Маршалл құрметіне Маршалл аралдары деп атады. Аралдар ХVІ-XVІІ ғасырларда Испанияның отары болды. 1885-86 жж. аралдарды Германия өз иелігіне айналдырды. 1914 жылы Маршалл аралдарын жапон әскерлері басып алып, мандаттық жүйемен Жапония мемлекетінің басқаруында болды. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде аралдар әскери қимылдар аймағына енді. Жапония жеңілгеннен кейін БҰҰ-ның қамқорлығына өтіп, 1947 жылдан АҚШ-тың басқаруына берілді. Бикини мен Эниветок атолдары америкалық атом қаруын сынайтын полигонға айналды (1963). Аралдар 1979 жылдың 1 мамырында өзін-өзі басқару құқығына ие болып, 1991 жылы 21 қазанда тәуелсіз мемлекетке айналды.
 Лихтенштейн княздығы
Лихтенштейн княздығы (нем. Fürstentum Liechtenstein) Орталық Eуропада oрналасқан ел. Швейцария аралының шығысында және Аустрияның батысында жайғасқан. Елордасы – Вадуц. Шығыста Австриямен, ал батыста Швейцариямен шектеседі, ол толығымен осы мемлекеттердің аумағымен қоршалған. Үкімет нысаны - дуалистік монархия.  Халық саны – 37 мың. Кішкентайлығына қарамай бұл мемлекет жер бетіндегі ең көрікті табиғаты бар елдер қатарына кіреді. Мемлекетте технология мен қаржы саласы  қарқынды дамыған. Банк қызметі де басқаларға қарағанда алда. Сол себепті де халықтың тұрмысы өте жақсы.
Сан-Марино мемлекеті
Сан-Марино (Сан-Марино Мәртебелі Республикасы) Италияда орналасқан ел. Италия аумағымен қоршалған. Жер аумағы 61 шаршы шақырым. Халқы – 26,9 мың адам (2001). Тұрғындары: сан-маринолықтар (80%) мен италиялықтар (18%). Басым көпшілігі католик дінін ұстанады. Астанасы – Сан-Марино қаласы. Әкімшілігі жағынан 6 округке бөлінеді. Ресми тілі – италия тілі. Мемлекет билігі әрбір 6 айда капитан-регенттері тағайындалатын 2 депутатқа жүктеледі. Ақша бірлігі – италия лирі. Сан-Марино Титано тауында орналасқан, таудың ең биік нүктесі 749 метр. Сан-Марино 301 жылы негізі қаланды деп саналады. Аңыз бойынша Сан-Мариноны далмацтық тас қалаушы Марино қалаған, кейіннен ол “қасиеттілер” қатарына жатқызылған (“сан” деген қосымша осыдан шыққан). ХІ-ХІІ ғасырларда Сан-Марино аумағы сатып алынған көрші жерлер есебінен кеңейтілді. 1600 ж. конституциясы қабылданды. 1631 жылы Рим папасы ресми түрде мемлекет ретінде мойындады. Біртұтас Италия мемлекеті құрылғаннан (1861) кейін, Сан-Марино онымен достық, көршілік қатынас туралы шарт (1872, 1897 және 1953 ж.) жасасты.
Тувалу мемлекеті
 Тувалу – Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі, Полинезия аралдарында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 600 шақырымға созылған 9 ойпаттық маржан аралдарынан (1975 жылға дейін Эллис) тұрады. Аумағы 28 шаршы шақырым. Халқы 11 мың (2001). Халқының негізгі этникалық құрамын тувалу тайпасының өкілдері құрайды. Діні – христиандық (протестанттық басым). Әкімшілік жағынан 8 аралдық кеңеске бөлінеді. Мемлекеттік тілі – ағылшын, тувалу. Астанасы – Фунафути  қаласы. Мемлекеттік басқару формасы – конституциялық монархия. Біздің заманымыздан бұрын ІІІ ғасыр шамасында аралға полинезиялықтар қоныстана бастаған. 16 ғасырда аралды самоалық тайпалар басып алды. Мұнда еуропалықтардан бұрын 1568 жылы испаниялықтар келді. 1892 жылдан бастап Эллис аралдары Гилберт аралдарымен бірге Ұлыбританияның протектаратына, 1916 жылдан отарына айналды. 1974 жылы референдум нәтижесінде Эллис аралдары тұрғындарының көпшілігі Гилберт аралдарынан бөлінуді жақтап дауыс берді. 1975 жылдан Эллис аралдары Тувалу аталып, Ұлыбританияның жеке отарына айналды. 1978 жылдан бері Ұлыбритания Достастығы құрамына кіретін тәуелсіз мемлекет.
Науру Республикасы
Науру Республикасы – Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі маржан аралында орналасқан шағын мемлекет. Аумағы – 21,3 шаршы шақырым. Халқы – 10 261 адам (2015). Тәуелсіздігі 1968 жылы жарияланды. Науру аралы экватордан оңтүстікке қарай 42 шақырым қашықтықта орналасқан. Ең жақын арал Банаба шығысқа қарай 288 шақырым қашықтықта орналасқан. Науру Жер бетіндегі ең кішкентай тәуелсіз республика, ең кішкентай аралдық мемлекет, ресми астанасы жоқ әлемдегі жалғыз республика, елдің бейресми астанасы  — Ярен қаласында елдің парламенті және әуежайы орналасқан. Мемлекет Ұлттар достастығына кіреді. 1999 жылдың 14 қыркүйегінде Науру Республикасы БҰҰ құрамына кірді. Науру — Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы және Тынық мұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесі. "Науру" сөзінің тегі нақты белгісіз. Қазіргі кездегідей, наурулықтар аралды бұрын "Naoero" деп атаған. 1909-10 жылдары аралға келген неміс профессоры Пауль Хамбрух осы сөздің этимологиясына мынадай түсіндірмелер берген: оның пікірі бойынша "Naoero" сөзі "a-nuau-a-a-ororo" сөз тіркесінің қысқартылуы (қазіргі жазылуы "A nuaw ea arourõ") және науру тілінен "мен теңіз жағасына бара жатырмын" деп аударылады. Бірақ Науру аралында 30 жылдан астам өмір сүрген және науру тілін еселеп оқыған неміс католик миссионері Алоиз Кайзер бұл түсіндірмені құптаған жоқ, өйткені жергілікті диалект бойынша қозғалыс етістігімен қолданған "теңіз жағасы" сөздерінен кейін "төмен" деген аударманы беретін "rodu" сілтеу сөзі қолдануы керек еді. Наурулықтардың өздері "теңіз жағасы" сөзін аралдың ең терең және ойпаң жері деп түсінеді. Олар осы сөзді жерге де, теңізге де қолданады.
Монако Республикасы
 Монако немес Монако княздығы (фр. Monaco, Principauté de Monaco) — Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 шаршы шақырым. Халық саны – 36 мың. Этностық құрамының 47 пайызын француздар, 16 пайызын италиялықтар, 16 пайызын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз. Ұлттық мейрамы – ұлт күні, 19 қараша. Ежелгі заманда Монако аумағын кельт тайпалары мекендеген. Б.з.б. Х – І ғасырларда бастапқыда финикиялық, соңынан грек иеліктерінің құрамында болды. Б.з.б. І ғасырда Монако Римнің қол астына өтсе, VІІІ – Х ғасырларда арабтардың билігі орнады. ХІ ғасырдың 2-жартысында Монаконы генуялықтар басып алды. 1215 жылы олар қазіргі Монако жеріне қамал салды. 1419 жылы Гримальдилер әулеті түпкілікті орнығып, Генуяның қамқорлығындағы жеке князьдікке айналды. Монако 1524 жылдан бастап қағаз жүзінде өз дербестігін сақтаған, іс жүзінде испан билігіне тәуелді ел болды. 1641 жылы Францияның қамқорлығына өтті. 1814 жылы Вена Конгресінің шешімімен Сардиния корольдігіне қарады. 1868 жылы Франция мен Монако арасындағы темір жол құрылысы аяқталған соң, Монте-Карлодағы кешен даңқы дүние жүзіне жайылып, Монаконың негізгі табыс көзіне айналды. 1899 жылы Монакода мұхиттық зерттеулердің халықаралақ орталығына айналған мұражай ашылды. 1911 жылы Монаконың бірінші Конституциясы өз күшіне енді. 1962 жылы 17 желтоқсанда Конституциясы қабылданды. Монакода Еуропадағы орта толқынды ең қуатты радиостансалардың бірі – “Монте-Карло” орналасқан. Монако көптеген халықаралық ұйымдардың орталығы саналады. Монако – Еуропадағы туризмнің де негізгі орталығының бірі. Елде халықаралық деңгейде танымал курорттар орналасқан. Мемлекеттік кірістің негізгі көздері – шетелдік туристерге қызмет көрсету мен ойын-сауық үйлері.

11 шілде 2018 ж. 1 668 2

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 11:38
Viagra Arret Cardiaque Provera Endometriosis Store viagra Fluoxetine With Overnight Delivery Propecia Con Masa Pharmacie Priligy

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 13:48
Cialis Instrucciones cialis Amoxicillin Dosierung Cialis Online Barcelona Cialis Prix En Suisse