№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖОЛДАУ ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

ЖОЛДАУ ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ


«Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз». Бұл Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан үзінді. Стратегиялық құжаттың басым бағыттарын арқау еткен игі шара Өзгенттегі №224 орта мектебінде өтті.
Елбасы Жолдауында өзекті еткен он басымдылықты тарқатқан аудандық «жастар ресурстық орталығының» директоры Әкімбек Әлібек өз ойын сабақтады.
– Елбасы әр Жолдауын халыққа жолдағанда жастарды қолдау мәселесін үнемі назарда ұстап келеді. Міне, биылғы Құнды құжатта үш тілділіктің үстемділігі артатынын, жастарды инновация-технология бағытында білімділігін арттырып, «ақылды технология» енгізуді тапсырды. Демек, ғылым мен білім саласында ғана емес, әр сала аппараттандыру жүйесіне қосылады», – деді аудан жастарының лидері. Оның сөзіне сенсек, жастар алдағы 10-15 жылда қоғамға қажет болатын мамандарды игеруге тиісті. Көзқарастан алшақтап, заманауи мамандықты қалыптастыруымыз керек. Нанотехнология, ІТ менеджемент секілді болашағы зор манадықты игеру міндеті тұр. Бүгіннің өзінде ІТ стартап жобаларымен көпшілік назарына іліккен жастар қатары көбейіп, жаңашыл мамандықтарға қызығушылығын көрсетуде.
Басқосуда «Арман асуы» қоғамдық қорының президенті Әліби Көшербаев: – «Мамандық таңдауда қателесуге болмайды. Себебі, мамандық өмірлік таңдауыңды шешеді. Жүрек қалауындағы мамандықты таппайынша, жұмысқа деген жауапкершілікті сезіне алмайсың. Қазіргі уақытта таңдаған мамандыққа сәйкесінше, түрлі ммамандықтараға түсуге мүмкіндік молайтады», – деді.
Кездесуде сұрақ қойған бітірушілер таңдаған мамандық бойынша қандай оқу орнын таңдау керектігін, балл төмен болған жағдайда қандай мамандыққа түсуге болатынын, қандай жағдайда облыс әкімінің гранттына ие болуға болатынын сұрады. Бұл сұрақ төңірегінде тиісті жауаптар тыңдалды.
Жиын соңында №224 мектеп директорының орынбасары Медет Скаков: – «Жолдаудың жастарға артқан жауапкершілігін сезініп, ауыл жастарымен ойын бөлісіп отырған Әкімбек Әлібекке мектеп ұжымы атынан ризашылығымды білдіремін. Биыл бітіргелі отырған түлектерге берген кеңестеріңіз олардың студент атануға жолын ашады деп сенеміз», – деді.
Елбасының «жас қазақстандық азамат дегеніміз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс» деген сөзін ұранға айналдырған жастар ауданның барлық мектептерінде бас қосуды жос­парлап отырғанын жеткізді.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
27 қаңтар 2018 ж. 1 474 0