№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨНІМ ӨНДІРУ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ӨНІМ ӨНДІРУ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ


Өздеріңізге белгілі, наурыз айынан бастап аудан әкімі Ғалым Әміреевтің бастамасымен облыс бойынша ынталы 200 кәсіпкердің басын қосып, «Агро экспресс» оқыту курсы бастау алған болатын. Жаңа жобаның Жаңақорғаннан басталуы да үлкен жетістік. Өйткені, аудан аграрлы салаға бейім. Төрт түлік мал мен егінжайға да қолайлы. Осы тұста, аталмыш оқыту курсын жүргізуші дәріскер, «Мансап-Қызылорда» ЖШС бизнес-тренері Наталья Мишуковамен кәсіпкерлік көкжиегі хақында әңгіме өрбіттік. Бірінші кезекте, жобаның мақсат-міндеттерін білдік.
– «Агро-экспресс» оқыту курсының кәсіпкерлікке ынталы азаматтарға берер пайдасы қандай?
– Бұл аудан әкімі Ғалым Әміреевтің инциативасымен жасалған жоба. Жеделдетілген курс арқылы ынталы азаматтарды кәсіпкерлікке бағыттаймыз. Негізінен бұл бастама енді кәсіп ашқалы жатқан азаматтарға тамаша мүмкіндік. Бұл оқыту курсы 4 кезеңнен тұрады. Бірінші, кәсіпкерлік саладағы бағытын анықтау мақсатындағы кешенді тестілеу. Яғни, ынталы азаматтың қай салаға бейімдігін анықтайтын тест пен генетикалық тест алынады. Әрі айналысатын кәсібінің түрін анықтап алады. Біз негізгі деген: бақша өсіру, көкөніс өсіру, жем-шөп өнімдерін өндіру, мал және егін шаруашылығы, қонақ үй бизнесі, кафе ашу сынды алты бағытты таңдадық. Екінші кезең, Бизнес психология, маркетинг негіздері, салық төлеу міндеті, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жолы және мемлекеттің агро-бизнес бағытындағы бағдарламалары туралы кең ауқымды түсінік беріледі. Үшінші, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытындағы пайдасы мол өнімдерді өсіру тәсілдері үйретіледі. Соңғы кезең, бизнес жоба аясында сол саланың білікті экспертімен екі жақты келісім арқылы бір жыл бойы консультация алып отыруына мүмкіндік бар. Қырғызстан мен отандық мықты эксперттерді шақыртамыз. Яғни, теориядан тәжірибеге көшеді. Таңдаған саласы бойынша экспертпен агро-зонада тұқымды егу жұмысымен айналысады. Осы тұста, айта кететіні, аудан әкімдігі жер телімін тегін және егілетін тұқымның 50 пайызын жеңілдікпен алуға мүмкіндіктер қарастыруда. Бұлда болса кәсіпкерге үлкен қолдау.
– Жаңақорғанда аграрлы саладан басқа қандай бизнес жүргізу қолайлы деп ойлайсыз?
– Жалпы «Агро-экспресс» оқыту курсының мақсаты – өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды тәжірибе алмасып, нарықтық қатынасқа сай бизнесті дамытудың жолдарын үйрету. Біздер бұл жобаға біршама уақыт дайындалдық. Оған қоса, биыл өңір басшысы облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Сондай-ақ бұл жоба «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асуда. Яғни халықты нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Осындай аграрлы саламен ғана, экономикасын өркендетіп отырған мемлекет көп. Сондықтанда Жаңақорған егін, мал шаруашылығы шаруасын дамытуға қолайлы аймақ. Ал, одан өзге қандай бизнес түріне жайлы десек? Бірінші кезекте, халыққа қызмет көрсету бағытындағы кәсіпкерлік бастамаларды жүргізу ыңғайлы. Яғни, сервистік әлеуетті арттыру керек.
– Кәсіпкер болу бірінші қаржы керек пе, әлде білім ба?
– Ең бірінші білім, сосын дағды, және мотивация керек. Ал, қаржы ең соңында. Кез келген кәсіпті бастамас бұрын соны 100 пайыз білуіңіз керек. Сонымен қатар, бастайтын кәсіптің 20 пайыз шығыны сіздің қалтадан болу керек. Алып-сатарлықты азайтып, өнім өндіруге жұмыс жасау қажет. Оған қоса, бүгінгі заман – жаңалықты һәм жаңашылдықты талап етеді. Инновациялық жобаларды игілігіңе икемдей білсең, олда бір жетістік. Келешек сандық технологияның дәуірі. Оған бейімделу – бәсекеге қабілеттілікті арттырады. Яғни, тек пайда табу үшін емес, сапалы өнім ұсыну үшін жұмыс жасаса кез келген кәсіп табыс әкеледі. Өнім өндіру – өрге жетелейді. Америкада «Ақылды болсаң, неге бай емессің?» деген нақыл бар екен. Бар-жоғы бес сөзден құралған мәтелдің астарында көп дүние жатыр. Табыс пен ақшаның көзі қара күште емес, ұтымды жүзеге асырылған жоспарда.
– Бизнеске ынталы адамның бойынан қандай қабілет табылуы тиіс?
– Кәсіпкерлік сала үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтанда кез келген кәсіпті бастағанда бірден табысқа жету мүмкін емес. Бастаған салаға үнемі инвестиция құю керек. Оған қоса, ізденімпаздық қабілетті серік еткен абзал. Интернетті игілікке икемдеп, пайдалы порталдардан заңдылықтарды яғни, «Еңбек кодексі» сынды нормаларды біліп алған жөн. Ең бастысы – табандылық қажет. Табандылық – табыстың кілті.
– Рахмет, сұхбатыңызға.

Әбдісамат ӘБДІШ.
17 сәуір 2018 ж. 1 120 0