№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «АГРО ЭКСПРЕСС»: БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ – БІЛІМДЕ

«АГРО ЭКСПРЕСС»: БИЗНЕСТІҢ КӨЗІ – БІЛІМДЕ


2018 жылдың наурыз айынан бастап ауданда облыс бойынша 200 кәсіпкердің басын қосып, арнайы «Агро экспресс» оқыту курсы өткізіледі. Бұл жөнінде аудан әкімдігінде өткен алқалы семинар барысында белгілі болды.

Аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық еткен «Агро экспресс» оқыту семинарының алғашқы отырысына жеті ауданнан ынталы кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Ауданның аграрлы саласы мен туристік әлеуетін дамытуды көздеген семинарда аудан басшысы өңір кәсіпкерлерін Жаңақорғанға келіп агро-индустриялық аймақтан жерді ақысыз жалға алып, жұмыс жасауға шақырды.
Әуелі ауданның кәсіпкерлік бағыттағы даму динамикасына тоқталған ауданның бас менеджері: – Бүгінде шағын және орта бизнестен 3338 субьект тіркелсе, оның ішінде белсендісі 3171 немесе 95 пайыздан жоғары. Бұл аймақтағы ең жоғары көрсеткіш. Яғни, Жаңақорғанның кәсіпкерлік бағыттағы потенциалы жоғары, – дей келе, өткен жылдан бастап агро-индустриялық аймақ ашылғанын мәлімдеді.
Негізгі мақсат – өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды тәжірибе алмасып, нарықтық қатынасқа сай бизнесті дамытудың жолдарын үйрету екенін тілге тиек еткен модератор аудандағы агрозонаның әлеуетіне кеңінен тоқталды:
– Біздер бұл жобаға бір жыл бойы дайындалдық. Мақсат – еркін бизнес алаңын құру. Өздеріңізге белгілі, өңірде «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Оған қоса, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» жүзеге асырылуда. Жалпы халық үшін жасалған құнды құжаттың діттегені – өңірлік кәсіпкерліктің қалыпты және теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету. Сондай-ақ халықты нәтижелі жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Әсіресе, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлердің ілкімді бастамаларын кеңейтуді көздейді бұл бағдарлама. Бұл бағытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізінің бойынан ашылған агро-индустриялық аймақтың келешегі кемел.
Өткен жылы пилоттық жоба ретінде жалпы көлемі 50,0 гектар жер телімі белгіленіп, бау-бақша дақылдарын егіп, диқаншылықпен айналысамын деген азаматтарға жер берілді, – деді.
Біріншіден, аяқ суда мәселе жоқ. Жоғарғы жағында орналасқан «Шұқырой» көлінен егістікке су өз ағысымен келеді. Екіншіден, әкімдік тарапынан берілген аумақ қоршалып, егін егуге жағдай жасалған. Үшіншіден, жұмыс көзі. Өткен жылы маусымдық негізде 50 адам жұмыспен қамтылған. Төртіншіден, тәжірибелік алаңнан 150-250 мың теңге шығындалып, бір миллионға жуық пайда тапқан шаруалар бар.

АГРО-АЙМАҚТАН
ҚАНДАЙ ПАЙДА БАР?

Ендігі кезекте, өңірдегі ынталы кәсіпкер мен шаруа агро-индустриялық аймақтан жер телімін алып, шаруашылықпен айналысу үшін қайтпек керек? Жерді жалға алу ақылы ма, әлде ақысыз ба? Бұл сауалдың жауабын аудан әкімі төмендегіше тарқатты.
Ең бірінші кезекте, Жаңақорғанға келіп, салық органына кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. Сосын кепілдікке жер алу. Егер ынталы кәсіпкер кепілдікке жер алса 3 млн. теңгеден 19 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар. Бұл жөнінде әкімдіктің «Өңірлік инвестиция орталығы» мен «КазАгроГрант» қаржылық ұйымымен әріптестік келісім бар. Сондай-ақ «Агро экспресс» оқыту бағдарламасын оқуы тиіс. Егер өзге де агроөнеркәсіптік бағыттағы жобаларға инвестиция құямын дейтін кәсіпкерлер болса оғанда жол ашық. Оған қоса, Ғалым Әміреев, биыл Манап, Қандөз, Ақүйік, Төменарық және Қаратөбе ауылдық округінен агроиндустриялық арнайы аймақ құрылатынын жеткізді. Жалпы, еркін бизнес алаңы ашықтық пен жариялылыққа негізделгенін мәлімдеген аудан әкімі егер жер телімін рәсімдеу барысында жауапты мекеме тарапынан қандайда бір әкімшілік кедергі болатын болса, тікелей өзін хабардар етуін сұрады. Сол күні жауапты басшысының мәселесін өзі қарайтынын қатаң ескертті. Жердің қажетті құжаттарын шаруа ең кем дегенде 1,5 айда қолына алатынын баяндады. Яғни, тек қана арадағы аукцион өткізу біраз уақыт алады. Сонымен қатар Жаңақорғанға келіп, тәжірибелік алаңда диқаншылықпен айналысамын деген ынталы азаматтарға қонақ үй, не ұзақ мерзімді жалға беру пәтері және тамақтанатын қолжетімді кафе иелерімен келісіп қойылған. Оған қоса, жұмыс қолы да арзан екенін айтылды.
Одан әрі Ғалым Әміреев тарихи орындарға қызығушылық танытқандар үшін туристік кластерді дамытуда үлкен мүмкіндік бар екенін сөз етті. Қазақстанның киелі орындар географиясына енгізілген орта ғасырлық «Сығанақ» шаһары, «Хорасан ата кесенесі», «Төлек ата – Қылышты ата» кесенесі, «Айқожа ишан, Ақтас мешіті» мен көршілес жатқан «Сауран» қалашығын көріп өту арқылы Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен «Арыстанбаб» тарихи ескерткішіне саяхаттауға мүмкіндік мол. Әрі аталмыш орындарға зиярат ету жолдары толық асфальттанғанын тілге тиек етті.

ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ ОЗЫҚ ТҰСЫ
Мұнан кейін мінберге көтерілген «Мансап-Қызылорда» ЖШС бизнес-тренері Наталья Мишукова алқалы семинарға қатысушыларға бизнес жасаудың тиімді тетіктерін үйрететін «Агро экспресс» оқыту курсы жобасының таныстырылымын жасады. Бизнес-тренердің айтуынша, бұл оқу өңірдегі кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды тәжірибе алмасып, нарықтық бәсекеге сай бизнесті дамытудың тың тетіктерін үйретеді. Жалпы бұл жобаға облыс бойынша 200 кәсіпкер тартуды көздейтінін тілге тиек еткен Наталья Мишукова қысқартылған курстың шаруаға берер пайдасы мол екенін жасырмады.
– Негізінен бұл бастама енді кәсіп ашқалы жатқан азаматтарға тамаша мүмкіндік. Бұл оқыту курсы 4 кезеңнен тұрады. Бірінші, кәсіпкерлік саладағы бағытын анықтау мақсатындағы кешенді тестілеу. Яғни, ынталы азаматтың қай салаға бейімдігін анықтайтын тест пен генетикалық тест алынады. Әрі айналысатын кәсібінің түрін анықтап алады. Екінші кезең, Бизнес психология, маркетинг негіздері, салық төлеу міндеті, ауылшаруашылығы кооперативтерін құру жолдары және мемлекеттің агро-бизнес бағытындағы бағдарламалары туралы кең ауқымды түсінік беріледі. Үшінші, егін шаруашылығы және мал шаруашылығы бағытындағы пайдасы мол өнімдерді өсіру тәсілдері үйретіледі. Соңғы кезең, бизнес жоба аясында сол саланың білікті экспертімен екі жақты келісім арқылы бір жыл бойы консультация алып отыруына мүмкіндік бар. Мықты эксперттерді Оңтүстік Қазақстан облысы, Алматы, тағы да басқа қалалардан шақыртамыз, – деді «Мансап-Қызылорда» ЖШС-нің бизнес-тренері.
Ендігі кезекте бұл оқыту бағдарламасына қалай қатысуға болады? Бұл сауалдың жауабы да дайын. Мұның ешқандайда қиындығы жоқ. Әуелі алғашқы екі күн бағытын айқындау мақсатында 2 күн тесттен өтеді. Соңыра, наурыз айынан бастап облыс бойынша 200 кәсіпкерді оқыту жоспарлануда екен. Егер сіздің де осы «Агро экспресс» оқыту курсына қатысып, кәсіп ашқыңыз келсе, онда аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров пен ауданның кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаевқа хабарлассаңыз болғаны. Айта кету керек, оқыту бағдарламасы ақысыз негізде өткізіледі. Тек тіркеліп, байланыс нөмеріңізді қалдырсаңыз жеткілікті.

ТУРИЗМНІҢ ТІЛІН ТАПСАҢ, ТАБЫС КӨЗІ
Түйіндей айтқанда, бүгінде Сыр елінде аграрлы саланы дамытуда тың серпіліс бар. Оның ішінде, республикада тұңғыш болып, Жаңақорғаннан ашылған агро-аймақтың болашағы зор. Өйткені, алдағы уақытта агро-аймақтың ауқымы одан әрі кеңейе түспек. Яғни, аграрлы сала бойынша облыстағы көшбасшы жеке кәсіпкерлер осындағы тәжірибелік алаңда өз өнімдерін өндіруге мүмкіндік алды. Оған «Агро экспресс» оқыту курсының көмегі мол болмақ.
Айта кету керек, алқалы семинардан соң, өзге аудандардан жиналған 50-жуық кәсіпкер мен шаруа қожалық иелері семинарға арқау болған агро-индустриялық аймақтың тынысымен танысты. Көзімен көріп, шаруасын дөңгелетіп отырған қожалық төрағаларымен тілдесті. Ат шаптырым аумаққа орналасқан агро-аймақ жөнінде қонақтар таңданысын жасырмады.
– Өзім Қызылорда қаласынан келдім. Семинардан теориялық тұрғыдан мол мағұлмат алдым. Шынында жұмыс жасаймын деген адамға бар жағдай жасалыпты. Ендігі тек белді буып, бейнет ету керек. Міне, семинар тақырыбына арқау болған агро-аймақты көзімізбен көріп, жіті танысып шықтық. Алқалы басқосуға ұйытқы болған аудан әкімдігіне алғысым зор. Алдағы уақытта «Агро экспресс» оқыту курсынан өтуді жоспарлап отырмын, – дейді Қанат Байбосынов.
Одан әрі сала басшылары Қаржыбек Бүркітбаев, Әбілғазы Төлегенов пен аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров бастаған топ өкілдері «Жаңақорған» АҚ шипажайының тыныс-тіршілігі мен ішкі мүмкіндігімен танысуға ұласты.
– Бұл шипалы балшығы мен тұзды суымен Қазақстанға танымал шипажай. Республика ғана емес, өзгеде алыс-жақын шет елдерден емделушілер келеді. Биыл негізі қаланғанына 100 толғалы тұрған шипажай қашанда халық сұранысына ие. Жыл он екі ай жұмыс жасайды – деген топ басшысы келесі маршрутты туристік бағыттағы нысандармен таныстыруда жалғастырды.
Келісілген кестеге сай, Қазақстанның киелі орындар географиясына енгізілген орта ғасырлық «Сығанақ» қалашығы, «Әбдіжәліл бар Хорасан ата кесенесі», «Төлек ата – Қылышты ата» кесенесі, «Айқожа ишан, Ақтас мешітіне» барып, зиярат жасады. Алыс-жақыннан келген қонақтарға аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Бағдаулет Таждинов киелі мекеннің тарихи атауы жөнінде дәйекті деректерді келтіре отырып, тұшымды ақпараттарымен түйіндеді.

Әбдісамат ӘБДІШ.
20 ақпан 2018 ж. 1 156 0